Қазақстандық шоу-бизнес жұлдызы Ақбота Сейітмағамбет желіде мұңға толы жазба жариялап, оқырмандарын алаңдатып қойды. Өнер иесі баянсыз махаббат туралы сөз қозғаған деп жазады KAZ.NUR.KZ.
Ақбота Сейітмағамбет Instagram парақшасында мұңды фотосын бөлісті.
Суретте әнші жылайын деп тұрғандай кейіпте бой көрсетті. Оған қоса, ол аталған фотоның астына махаббатқа қатысты аса әсерлі жазба қалдырды.
"Сенің суық жүрегіңе қаншама махаббатты төктім. Қаншама рет сол мұздай жүрегіңде тайғанақтап құладым. Жараландым. Қайта тұрып, сол мұз жүректе махаббатпен асыр салып ойнап, бақытты болдым. Қанша таңдау тұрса да, мен әрдайым сезімнен тоңатын өмірді таңдадым", - деп жазған өнер иесі.
Бұл жайт актрисаның оқырмандарын аса қатты алаңдатып қойған. Олар шоу-бизнес жұлдызына барынша қолдау білдірді.
Қалың көпшілік Ақботаның мұңаюына сәтсіз некесі себеп болған деп болжауда.
"Саған махаббат сыйлап, өзіңді құрметтеп өтетін жанды әлі де кездестіресің", "Қайғырма Ақбота, сенде бәрі жақсы болады. Бастысы, балаларың аман болсын", "Дәуренді ұмытқың келеді ме? Кейде жүрекке әмір жүрмейді", "Неге көздерің мұңға толы? Жүрегімді ауыртпашы", "Ақбота қатты қайғырмашы. Бәрі де жақсы болады. Алда сені керемет азамат күтіп тұрғанына сенімдімін", - деп жазуда көпшілік.