Ақбота-Нұр Сейітмағамбет бұл өмірден қандай сабақ алғанын, неден қатты қорқатынын және адамдардың бойында қандай қасиеттерді бағалайтынын айтты. Ол жеке өміріне қатысты сұрақтарға жауап берді, деп хабарлайды Stan.kz.
Оқырмандарының бірі Ақботадан сүйіктісі жайлы сұраған. Оған өнер иесі:
"Көп адам жалғыздықтан қорқады. Ал мен түсініксіз әрі мағынасыз қарым-қатынастан қорқамын. Ал қазірге: Атты мен жаяудың сәлемі жараспас деген әңгіме болып тұр.
Жан дүниеммен егіз жаралған сыңарымды Алла нәсіп етсе табармын уақыты келгенде", – деп жауап берді.
Ақбота әлемдегі өзгерістер мен адамдардың пейілінен қорқатынын атап өтті. Ал адамдардың бойында бағалайтын үш қасиет ретінде тазалық, шынайылық, табандылықты атап өтті.