Санаулы минут бұрын Ерке Есмахан бүкіл оқырмандарына ел күтпеген жайсыз жаңалықты жеткізді. Танымал әнші дәл қазір ауруханада жатқанын жария еткен, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі "Экспресс К"-ға сілтеме жасап.
Таяуда ғана Парижден келген Еркенің денсаулығы сыр бере бастаған секілді. Әлеуметтік желіде 7 миллион оқырманы бар әнші сырқатына қатысты хабарды өзі көпшілікке жеткізген.
Қайырлы күн. Мен ақыры ауруханаға түстім. Қорқатын нәрсе емес, уайымдамаңыздар — деп жазды Ерке Есмахан.
Айта кетейік, Еркенің осы уақытқа дейін денсаулығына қатысты бірнеше мәрте отаның көмегіне жүгініп, дертімен күрескені туралы ақпарат тараған еді.