Әнші Айдана Меденова орамал таға бастады

Әнші Айдана Меденова орамал таға бастады

KeshYou тобының экс-мүшесі Айдана Меденова орамал тақты. Ол орамалға қалай келгенін, неліктен мұндай шешім қабылдағы туралы ойымен бөлісіп, өзінің Instagram парақшасында жазба жариялады. 

"Иә, мен басыма орамал тақтым. Бұл шешімімді түсінбей жатқандар да бар. Әрине, бұл да қалыпты нәрсе. Мүмкін кейбір адамдар «Айдана бір күнде оранып шыға келді, асығыс шешім жасады» дейтін шығар. Бірақ бұл аяқ астынан жасалған шешім емес. Бұл күнге жету үшін мен ұзақ дайындалдым.

Әдетте, мен өмірімдегі өзгерістің бәрін жариялай бермеймін. Мінезім сондай. Көбінесе, нәтиже көрсетуге тырысамын. Мысалы менің 4 жылдан бері бес уақыт намаз оқитынымды көпшілік біле бермейді.

Аллаға шын сыйынсаң, намаздан кейінгі қадамға да бағыттап отырады екен. Алла маған шындықтың есігін ашты. Мен енді оны жоғалтып алмауға барымды саламын. Ол жолдан адасып қалмау үшін сыйынып келемін. Осы күнге жеткенім – менің Алланың ақ жолындағы кезекті қадамым деп білем.

Басыма орамал таққаным – өзімді идеальная сезініп қалғаным емес. Ол да бес уақыт намаз секілді менің парызым. Мен Аллаға сенемін. Осы уақытқа дейін бұл қадамға бара алмауымның сан себебін тауып алатынмын. Бірақ қазір ол кедергілерден өттім. Ішкі қайшылықтардың бәрін жеңдім. Шындықтың есігі ашыла түскен кезде өзіме бұрынғыша көз жұма қарай алмадым" - деп жазды әнші.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста