Аниматорлар жеке отау тігуді аңсайды

Аниматорлар жеке отау тігуді аңсайды

Отандық мультипликация саласын жандандыруды көксеген бір топ аниматор осыдан біраз бұрын «Қазақмультфильм» студиясын құру туралы мәселе көтерген болатын. Мамандар пікірінше, «Қазақмультфильм» еліміздегі анимация саласының ұстаханасына айналып, ұлт ұланының санасын жаулаған Наруто, Өрмекші адам, Спанч Боб және тасбақа Ниндзя тәрізді жателдік мәдениет жемістерін көгілдір экран төрінен біртіндеп ығыстырып шығуы тиіс. Сондай-ақ болашақ студияға кішкентай көрермендерін мейірімділікке, адамгершілікке тәрбиелеп, жақсылыққа баулитын жаңа қаһармандар туғызу міндеті де жүктелмек.

               Абай ОМАРОВ (коллаж)
Қазақстан аниматорлары ассоциа­циясының президенті Ғали Мырзашев жа­ңа студия анимация жанрына жан біті­реді деп есептейді. Әрине, мультфильм – бізде кеше ғана пайда болған нәрсе емес, 45 жылдық тарихы бар, бағыт-бағдары, мақ­сат-мүдесі айқын сала. Әйтсе де Ғали Мырзашев «анимациямыздың бүгінгі жай-күйі зейнеткерлік жасқа жақындағанына қарамастан, тұрақты мекенжайы, тіркемесі жоқ баспанасыздың күйіне ұқсас» деген пікірде. Сөйте тұра өзі дәрменсіз бейбақтан анимация өнерінің теңдессіз туындыларын ұсыну, былайша айтқанда, жалаң қолмен жауды жеңіп, Америка ашу талап етілуде.
Ел аниматорларының көңіліне қон­байтын жайттардың бірі – түсірген фильм­дерінің құқықтық меншігі толықтай мемлекетке тиесілі болатындығы. Меншік құқы өзінде болмағаннан кейін режис­сердің фильм арқылы табыс табуы да мүмкін емес. Мысалы, шетелдік анима­торлар туындысын прокаттаумен-ақ байи­тын болса, бізде авторлардың қаржы-қаражат тұрғысындағы мүддесі мүлде ескерілмеген. Бұл ретте, Ғали Мырзашевті отандық анимация саласында қаржы­ландыру мен продюсерлік етуге бай­ланысты да нақты бір жүйенің жоқтығы қынжылтады. «Егер кинематография саласын идеологиялық майдан деп есеп­тейтін болсақ, бұл тараптағы жеңілісіміз жетіп-артылады. Шындығында, сол муль­тиктердің көмегімен-ақ жат мәдениеттің басқыншылығына қарсы тұруға болар еді. Бүлдіршіндерімізді Спанч Бобпен ал­дағанды қоятын уақыт жетті» дейді ол. Бір кезде бізде де «Қарлығаштың құйрығы неге айыр», «Ақсақ құлан», «Аш­көздіктің азабы» іспетті басқа да көп­теген жақсы дүниелер болды. Бәсекеге қабілетті мультфильмдерді қазір де түсіруге болады. Бұған сенімді ассоциация прези­денті «егер де ойымды жүзеге асыруға мүмкіндік берсе, алдағы бес жыл ішінде анимация саласын айтарлықтай деңгейге көтерер едім» деп отыр. Нақты іске келсек, Ғали Мырзашевтің ойынша, қазіргі «Қазақ­фильм» территориясынан 4-5 млн дол­ларға жаңа студия салып, то­лықтай жаб­дықтауға болады. Ал дайын ғимарат бол­ған жағдайда Қазақстан анимациясы алдағы екі жыл көлемінде-ақ жұртшылық назарын өзіне аудармақ ниетте.
Дегенмен Ғали Мырзашевтің жеке студия ашу туралы ойына «Қазақфильм» мамандары «жақсы идея, бірақ оның уақыты әлі келе қойған жоқ» деп қарайды. «Себебі бізде сапалы мультфильм жасауға қажетті техникалық база жеткілікті. Мұның сыртында қазір Алматы мен Астанада және Көкшетауда бір-бірден, ал Шымкентте екі, яғни барлығы бес жекеменшік студия жұ­мыс істеп жатыр. «Қазақфильм» олар­мен тығыз байланыста. Анимация үшін бір орталықтың болғаны және барлық шығар­машылық күштердің соның маңайына топтасқаны қажет. Қазіргі таңда ондай орталық – «Қазақфильм» болып отыр», – дейді киностудиядағы анимация­лық бірлестік жетекшісі Жәкен Дәненов.
«Қазақмультфильм» студиясын құру туралы бастама көтерушілер Қытайда анимациялық киноның 20 студиясы бар екендігін, тіпті Моңғолия мен Баш­құрт­станда да бұлардың ара жігі әлдеқашан айқындалғанын айтады. Ал Ресей елінде «Мосфильм» мен «Союзмультфильм» – әрқайсысы өз бағыт-бағдары бар, екі бөлек шығармашылық ұйым. Отандық анимацияға оңаша отау тігуді көксейтіндер осыны мысал етсе, бұған қарсы топ «қар­жының әр қазанға жеке құйылуы жақ­сылыққа апармайды. Мұндай жағдайда нәтиже сұйылып, ақырында сұрауы болмай кетеді» дегенді қауіп етеді. Бірақ қалай дегенмен де, жеке анимациялық студия ашу – кез келген елдің арманы екендігін ешкім жоққа шығармайды. Алайда ол үшін, ең біріншіден, қомақты қаражат, екіншіден, сапалы өнімдерді жүйелі түрде ұсынып отыратын, кәсіби шеберлігі жоғары мамандар қажет. Өкінішке қарай, бізде ондай мамандар саусақпен санарлықтай ғана. Мұның себебін Жәкен Дәненов: «Анимация 1967-1991 жылдар ара­лы­ғында, яғни кеңес дәуірінде қатты дамыды. Одақ тараған кезде өнердің бұл түрі де тоқырауға ұшырады. Тек араға он жыл салып барып қана еңсесін қайта тіктеді. Бірақ ол кезде шынайы мамандардың дені өнерден қол үзіп кеткен болатын» деп түсіндіреді.
Ал «Қазақмультфильм» студиясын құру туралы ұсыныстың ұйытқысы Ғали Мырзашев өз ой-пікірін тиісті меке­мелерге, яғни Мәдениет министрлігіне, тіпті «Нұр Отанға» да жолдаған. Содан бері де үш-төрт ай өткеніне қарамастан, билік тарапынан әзірге жауап жоқ. Бірақ өз алдына жеке шаңырақ көтеруді көксеген аниматорлар бұл мәселе оң шешімін табады деген үмітте.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста