"Маска" шоуында жұлдызы жанған отандық әнші Әміре өнердегі әріптесі Жанар Дұғалованың суретіне пікір білдіремін деп желіде қызу талқыға қалды. Қалың көпшілік оның "Кешью" тобының бұрынғы мүшесіне ғашық екенін болжауда деп жазады KAZ.NUR.KZ.
Желідегі қызу пікірталасты Жанар Дұғалованың жаңа фотосы тудырды.
Өнер иесі Instagram парақшасында өзінің ерекше суретімен бөлісіп, барша оқырмандарын қуантқан. Эстрада жұлдызының асқан сұлулығына тәнті болғандар қатарында әнші Әміре де бар болып шықты. Ол Дұғалованың суретінің астына жүректің белгісін қалдырып, бірден қызу талқыға қалды.
Желі қолданушылары Әміренің бұл әрекетіне қатты таңғалып, оған қатысты өз ойларымен бөлісті.
"Ұсталды", "Мәссаған, бұл не болғаны", "Әміре осы байқаймын сен үнемі Жанар Дұғалованы бағып отырасың", "Тырыспасаң да болады", "Мүмкіндігің жоқ", "Қоймайсың сен де", "Жанарды ұнатады ма", "Екеуі кездесіп жүр ме? Араларында не бар?", "Жүрек қалдырыпты өзі", "Ғашықсың ба", - деп жазуда көпшілік.
Скриншот: Instagram/zhanar_dugalova
Желі оқырмандары екі әншінің өзара арақатынасына қатысты болжамдарын айтқанымен, бұл ақпарат жұлдыздар тарапынан расталған жоқ.