Алматыны «Арт-алаң» аралап жүр

Маусымның 14-і күні Алматыда «Арт-алаң – 2013» атты әлеуметтік-мәдени жоба басталған болатын. Алматы қаласы Мәдениет басқармасы мен «Еуразия мәдени альянсы» қоғамдық бірлестігі ұйымдастырған бұл жобаның басты мақсаты – қала тұрғындарын мәдени, рухани жағынан байыту, оларды бірлікке шақыру, жаздың кешкі күндерін көңілді өткізуге септігін тигізу.
«Арт-алаң» өзінің жазғы шеруін жал­ғастыруда. Концерттік бағдар­лама­лары, ғажайып көрмелері және басқа да жыл­жымалы өнерлерімен Алматы қаласының төменгі бөлігіне ойысты. 
Жалпы жобаның ең басты артық­шылығы да сол – елді мекен ортасында жылжып отыру мүмкіндігі. Таяуда тағы да қаланың үш ауданында болып өткен «Арт-алаңда» Алматы жұртшылығы бір-біріне ұқсамайтын, мүлде әртүрлі шоу-бағ­дарламаларды көрді. Мәселен, сенбі күні «Maxima» сауда кешені жанында өткен арт-жобада Coppocabana Dance School ғажайып би билесе, С.Сейфуллин атын­дағы саябақта «Apples» тобы Алматы жайлы әндердің тиегін ағытты.  Ал ең қызығы, Алатау ауданында цирк әртістері отпен, ғажайып каучукпен және акро­батикалық қимылдар арқылы бүлдіршін­дердің қуанышына бөленді. Онда біздің әртістерді тамашалауға өте көп бүл­діршіндер жиналыпты.     
Ал бірқатар көрермен «хенд-мейд», яғни, қазақша айтқанда, қолөнер көр­месін тамсана аралады. Онда киізден жасалған бұйымдар, кез келген талғамға сәйкес әшекейлер мен ілгектен тоқылған заттар, «түс аулайтын» бойтұмарлар және тағы басқалары көздің жауын алардай самсап тұрған еді. Айта кетерлігі, жаз бойы арт-алаңдарда «Қажетті бұйымдар» атты қайырымдылық көрмесі жұмыс істейтін болды.   
– Мұнда бізге әсем әшекейлер, түрлі дискі, кітаптар, балалар ойыншықтарын, кейде, тіпті үстелдер алып келіп жатады. Барлық заттарды тегін береді. Өйткені біз ешқандай затқа баға қоймаймыз, «тауар­ларды» қайырымдылық ретінде береміз. Біз тек ортадағы дәнекерміз. Арт-алаңда жиналған барлық қаржы қайырымдылық үшін жұмсалады, – деді көрме туралы «Үшінші мыңжылдық психологиясы» атты халықаралық ағартушылық жобасының және осы әлеуметтік-қайырымдылық шарасының үйлестірушісі Екатерина Деркач.
Досхан ЖАЛНИЯЗОВ, Алатау ауданында өткен арт-алаңның жүргізушісі:
– Арт-алаң жобасының идеясы – өте керемет. Бұл жоба өткен жылы басталған еді, келер жылдары да жал­ғасын табады деп ойлаймын. Алатау сияқты аудандардың халқы үшін демалыс күндері тегін концерттер қажет. Мұндағы көпшіліктің 80-90 пайызы жас бүлдіршіндерден құра­лыпты. Сондықтан олардың көңіл күйі жайдарлы мерекенің атмосферасын қалыптастырды.

Йоко ҚОҢЫРБАЕВ, Қазақ мемлекеттік циркінің әртісі:
– Маған осындай іс-шараларда өнер көрсеткен ұнайды. Себебі ол бізді халықпен барынша жақындастыра түседі. Мұндағы көрермен өнердің әр түрін ықыласпен қабылдап отыр. Маған қаланың ортасынан гөрі, шалғайда жатқан жерлерде өнер көрсеткен ұнайды. Өйткені бұл жақ­тағы кей баланың циркке баруға мүмкіндігі де бола бермейді. Сон­дықтан мұнда балалар бізді үнемі жақсы қарсы алады, біз соған ризамыз. 

Алдағы уақытта арт-алаңдар шілденің 12-13-і күндері Алматы қаласының жоғары бөлігінде өтеді.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста