"Алматым – іңкәрім менің" XV ретро-фестивалінің 15 дерегі

1. Басты ерекшелігі, әрине, тақырыбы – кино. Дегенмен бұл тақырып бұрынғы фестивальдерде де болған еді.
2. Фестивальдің дәстүрлі мерекеге айналуына үлес қосқан адамдар мен шоу-бизнес жұлдыздарының қызыл кілеммен жүруі.
3. Мерейтойға орай Қазақстан музыкасы мен Алматы мәдениетіне еңбегі сіңген адамдардың арнайы статуэткалармен марапатталуы.
4. Әлемге әйгілі Bad Boys Blue евродиско-тобының “Қызыл өрік» хитін орындауы.


5. Дариға Назарбаеваның Николай Басков сияқты операның кәсіби өкілдерімен тең деңгейде өнер көрсетуі.
6. Сахнаның жылдағыдан да ерекше, сапалы безендірілуі, озық көркемдік-техникалық технологиялардың қолданылуы.
7. Михаил Боярскийдің сахнаға ат мініп шығуы, 15 жыл ішінде сахнаға жүк көлігінің, әскери техниканың, мотоциклдің көтерілген кездері болғанын айта кету керек.
8. Жүргізушілер мемлекеттік тілде сөйлемеді.
9. Музыкалық бағдарлама мен қатысушылар құрамы биыл да аяқ астынан өзгерді, Ерлан Көкеевпен бірге өнер көрсетуі тиіс болған әнші Ерке Есмаханның орнына Ситора ән салды. Өткен жылы фестивальге санаулы күн қалғанда Қайрат Нұртас Сырым Исабаевпен ауыстырылған болатын.
10. Былтыр араға ұзақ жыл салып, ретро-фестивальге оралған Мақпал Жүнісова биыл концертке қатыспады.
11. Есесіне, Венера Назарбаева ретро-фестивальдің тұрақты қатысушысына айналды. Журналистер оны оққағары ең көп әнші деп атап үлгерді.


12. Фестивальде Баян Есентаеваның қатысуы шамадан тыс көп болды. Есентаева жүргізді, кештің басты қонағымен ән салды, оның түрлі жобаларының да бірі қалмай өнер көрсетті. Алматының әкімін «Ахметжан Смағұлов» деп қате хабарлаған да сол болды.
13. Нөмірлер олқылықсыз болмады. Сахнаға «Супермендер» кейпінде шыққан RinGo тобының бір жігітінің костюмі белінен түсіп кетті.
14. Төтенше оқиға да болды. Қауіпсіздік талаптарының күшейтілгеніне қарамастан, отшашу кезінде шаңғы трамплиндері кешенінің сыртына шоқ түсіп, өрт шықты.


15. Фестивальге билет сатылған жоқ, бірақ ұйымдастыру комитетінің ресми сайтынан берілген билеттердің көлемі де өте аз болды, «Сұңқар» кешенінде ине шаншар орынның болмау себебі ұйымдастырушыларға ғана аян.
Еске сала кетейік, Алматы күні қарсаңындағы дәстүрлі мерекелік шара - «Алматым – іңкәрім менің» музыкалық ретро-фестивалі «Сұңқар» халықаралық шаңғы трамплиндері кешенінде 6 қыркүйек күні өтті.

©Ардақ Құлтай фотолар
Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста