Алматыда Райымбек Сейтметов тұрған үйге мемориалдық тақта орнатылды

Оңтүстік  астанада  Қазақстанның Халық артисі, Мемлекеттік сыйлықтың иегері, актер, режиссер Райымбек Ноғайбайұлы Сейтметовтың құрметіне ғұмырының соңына дейін тұрған үйге  мемориалдық тақта орнатылды. 

Шараға Алматы қаласы әкімдігінің өкілдері мен Қазақстанның Халық әртісі, Еңбек ері Асанәлі Әшімов,  Халық әртісі Нүкетай Мышпаева, Тұңғышбай Жаманқұлов, жазушы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Дулат Исабеков,  драматург  Сұлтанәлі Балғабаев қатысып театр тарланы жайлы естеліктерін ортаға салды.

Түркістан облысынан арнайы келген Райымбек Ноғайбайұлының атындағы Түркістан сазды драма театрының директоры Ержан Исатаев жиналған қауымға тақтатастың орнатылуына атсалысқан барлық азаматтарға алғыс білдірді.

Мемориалдық тақтатасты  Р. Сейтметовтың үзеңгілес досы Асанәлі Әшімов, жары Нелья, ұлы  белгілі  актер Азат Сейтметов ашты.

Салтанатты шарада сөз алған Тұңғышбай Жаманқұлов «Түркістанда  қасиетті Қожа-Ахмет Ясауидың мавзолейі бұрыннан  тұрса, Райымбек Сейтметов барып театр ашып, екінші өнер мавзолейін жасады», – деген пікір айтты.

Жазушы, драматург  Сұлтанәлі Балғабаев болса, Райымбек Сейтметов режиссерлік ғұмырында көптеген қаламгерлердің  драматург болып қалыптасуына ықпал еткенін, оның ішінде өзі де бар екенін айтып өтті.

Жиналған қауымның барлығы Райымбек Сейтметовтей тұлғаның қазақ өнеріне сіңірген еңбегінің ұшан-теңіз екенін айтты. Оның қазақ сахнасында поэтикалық спектакльдерді алғаш қоюшы болғанын еске алды.

Жазушы Дулат Исабеков «Түркістан сияқты жерден театр ашу – тек Сейтметов сияқты саңлақ тұлғаның ғана  қолынан келеді», – деп атап өтті.

Шара соңында театр тарланының ұлы, белгілі актер Азат Сейтметов келген барша қауымға отбасы атынан алғыс білдірді. 

aikyn.kz

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста