Әлем чемпионатын сәтсіз бастадық

Кеше Тайландта күрес түрлерінен жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионаты басталды. Тай елінің Паттайа қаласында ұйымдастырылған бұл додаға Қазақстанның да балғын балуандары аттанған еді.

                                                                 Азамат Құс­ты­баев қоладан қағылды
Бірінші болып грек-рим күресінің ше­бер­лері өз өнерлерін паш етті. Ең жеңіл сал­мақ, яғни 50 келіде Азия чемпионы Ас­қар Сәлтебаев белдесті. Доданы 1/8-финалдан бастаған Асқардың алғашқы қар­сыласы – украиналық Василий Симоненко болған. Егер Симоненконың жауырынын жер иіскетер болса, жерлесіміз ширек финалда қытайлық Хайбин Фанг және гру­зия­лық Бачана Путкарадзенің қай жеңге­ні­мен боз кілемге шығуы тиіс болатын. Өкі­нішке қарай, Азия чемпионы күтпеген жерден Украина балуанынан жеңіліп қалды.
60 келіде ел намысын Мейірбек Дө­нен­беков қорғады. Бірақ, шынын айтсақ, Дөненбековтің жеребесі сәтті болмаған еді. 1/16-финалда ресейлік Заур Кабалоевпен белдескен. Алайда қарсыласына еш қарсылық таныта алмаған Мейірбеков 0:2, 0:3, 0:1 есебімен, даусыз жеңілді. Кабалоев финалға шығып, Мейірбек қола жүлдеге таласуға мүмкіндік алған. Жұба­ныш белдесуінде алғашқы қарсыласы әзірбайжандықты жеңді де. Дегенмен бар күші сарқылған жерлесіміз поляктан жеңі­ліп қалды.
74 келідегі балуанымыз Азамат Құс­ты­баевтың жеребесі сәтті түсті ме, жоқ па, ол жағын алғашында тап басып айту қиын бо­латын. Өйткені бірінші кезеңді жіберіп, доданы бірден 1/8-финалдан бастағаны­мен Азаматтың қарсыласы боз кілем қо­жайыны Сиритахан болған. Дегенмен Құстыбаев та оңай шағылар жаңғақ емес екенін, көкірегінде намыс оты лаулап тұрғанын, оның үстіне, Қазақстанның ғана емес, Азияның да чемпионы екенін еске­ріп, жерлесіміздің бірінші белдесуді жеңіс­пен аяқтайтынына сенімді болғанбыз. Шы­нында да, Азаматымыз қуантып, екі ке­зеңнің нәтижесі бойынша, 6:0, 6:0 есебімен айқын жеңіске жетті. Одан кейін Азаматқа қырғыз балуаны Самат Чирдаков та қарсы тұра алмады. Негізі, бұл бал­уандар бұған дейін Алматыда өткен Азия чемпионатында да өзара кездесіп, ол кез­де де жеңіс жерлесіміздің еншісінде кеткен. Бұл жолы да Құстыбаев жеңіске жетті. Өкінішке қарай, жартылай финалда белорус балуаны Қазбек Килевке қарсы тұра алмады. Өте тартысты өткен белдесу 0:1 есебімен аяқталды. Ал қола жүлде үшін болған айқаста парсы жігіті Абдел Салех Бойеримен белдесті. Негізі, бұлар бұған дейін Алматыда өткен «Сары құрлық» біріншілігінің финалында кездескен. Сол кезде жерлесіміз жеңіске жеткен еді, бұл жолы жеңіс Иран балуанына бұйырды. Сөйтіп, өкінішке қарай, Азамат қолда тұрған жеңісін жіберіп алды.
Ал 96 келі салмақ дәрежесіндегі классигіміз Еркін Шайкенов алғашқы айқа­сында-ақ жеңіліп қалды. Гондурас елінің өкілі Кастилло Мейджа жерлесімізге еш мүмкіндік берген жоқ.
Сөйтіп, әлем чемпионатын жүлдесіз бас­тадық. Бүгін боз кілемге еркін күрес шеберлері шығады. Жүлдеге үш жерлесі­міз таласады. Арасында жасөспірімдер арасындағы Тұңғыш олимпиада чемпионы Жәнібек Қандыбаев та бар. Ал 120 келідегі жерлесіміз қалай екені белгісіз, салмақ өлшеу рәсіміне кешігіп қалып, доданы бастамай жатып, аяқтады.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста