Кеше Қазақстан Республикасы тұңғыш Президентінің мұражайында «Мәдениет арқылы сұхбаттасу» халықаралық жобасы аясында қолға алынып отырған «Балалар ертегілер әлемінде» атты көрме ашылды. Көрмеге Шанхай ынтымақтастығы ұйымына мүше елдердің балалары салған 300-ден астам сурет қойылды.
Аталған шара елордада бүгін өз жұмысын бастайтын Әлемдік және дәстүрлі діндер басшыларының ІІІ съезіне орайластырылып отырғандықтан, көрменің салтанатты ашылуына съезге қатысушы шетелдік делегаттардың үлкен тобы қатысты.
Балаларға арналған көрмені ұйымдастырушылардың бірі Ш.Марджани атындағы қордың вице-президенті Мұрат Заргишевтің айтуынша, бұл игі бастама – Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше елдер арасында ұзақ жылдар бойы ұйымдастырылып келе жатқан жобалардың бірі. Ең алғашқы көрме кезінде Қытайда ашылған. Қазіргі уақытта осы шара аясында көрмеге қатысушы балалардың қолымен бірнеше мыңдаған суреттер салынды. Мұның алдында Тәжікстан мен Ресейде болған көрме Қазақстаннан кейін Қырғызстанда жалғаспақ.
Әлем – балалар көзімен
Последние статьи автора