Әнші Альбина Шардарова күйеуі Бауыржан Сатов екеуінің ортасына түскісі келетін жандар туралы «Төртеу түгел» бағдарламасына берген сұхбатында айтты, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі KYN.KZ-ке сілтеме жасап.
«Кездесіп жүрген кез бөлек те, бірге тұру бөлек нәрсе. «Ер азығы түзде» дейді ғой. Кейде күйеуімнің таныс қыздармен сөйлесіп тұрған фотоларын жіберетін. «Сіздің күйеуіңіз мынадай қызбен тұр», — деп жазатын. Адамдар қазір ұрыстыруға шебер ғой. Көре алмайды. Іріткі салады.
Сондай қиыншылықтар болды. Жылап отыратынмын. Келген соң: «Бұл кім? Не істеп отырсың?», — деп бастайтынмын. Түнімен күтіп отыратын кездер болды», — деді Альбина Шардарова.