Алашорда тарихы тың деректермен толықты

Абай ОМАРОВ (коллаж)

Қызыл империяның қылышынан қан тамған тұста қыршынынан қиылған Алаш зиялыларының қилы тағды­ры мен бұралаң өмір жолы әр қазақ баласын алаңдатары даусыз. Олардың жүріп өткен жолы, қоғам үшін жасаған қызметі ұмытылмақ емес. Алаштану тарихын зерттеп жүрген бірінші толқын өкілдері әлі көптеген құнды деректерге қол жеткізе алмай отырғаны анық. Себебі сол замандағы Алаш қайраткер­ле­рінің саяси қызмет атқар­ған орталықтарының бірсы­пыра­сы – қазіргі таңда Ресей Фе­де­рациясының құрамында.
Қарнының ашқанына емес, қадірінің қашқанына жылайтын қазақты да жіпсіз байлап отырған – құнды тарихына қатысты толық ақпаратты әлі күнге дейін «жирен­шаштылардың» қабағына қарап алуы. Екі мемлекет арасында мұрағаттық құжаттар­дың еркін айналымы әлі де жолға қойыл­маған. Өйткені осыдан бірер жыл бұрын «Ресей Федерациясының қауіпсіздігіне нұқсан келтірілетін мұрағат құжаты ешқай­да шығарылмайды» деген арнайы қаулы қабылданған. Енді біздің ғалымдарға бір құжаттың көшірмесін алу үшін қандай қадамдарға баруға тура келетінін өзіңіз топшылай беріңіз.
Орыстардың қазақ мұрағатынан іздейтін дерегі тым көп деп айта алмаспыз. Ал қазақтың бақандай үш ғасырлық тарихи деректері орыстың «Омбысы» мен «Орынборында» жатыр.  Бұдан бөлек, Тү­мен, Том, Барнауылда қаншама құжат бар десеңізші. Осындай өзекті мәселелерді талқыға салған алаштанушылар Астанада тағы да бас қосты. «Астана қаласының Мұрағаттар және құжаттамалар басқарма­сы» ММ ұйымдастырған шараның қуан­тарлығы – қоржынымыз бұрын ғалым­дардың қолына түспеген, ғылыми айна­­лымда жоққа тән жаңа деректермен толықты. «Тәубе» дедік! Дегенмен ол құжат­тардың өзі сол кездегі тұтас оқиғаны қазақ оқырманына елестету үшін жеткі­ліксіз екенін мүйізі қарағайдай ағаларымыз мойындады. Тарихшылардың қолына тың  деректерді табыстаған мұрағатшылар еңбегінің орасан екені бұл жерде айтпаса да түсінікті. Ал қолда бар деректі құрас­тырып, оқулық жазып, көпшіліктің көза­йымына айналдырар тарихшы ізденбесе де, шынайы ақпараттың құны көк тиын болады. Сондықтан осы басқосудан өзде­ріне жаңалық алуға құмартып, жадыларын жаңғыртуға келген магистранттар мен оқушылар көп дүниеге қанық болды.
Анастасья КАРАВАЕВА, Ресей Федерациясы Том облысындағы мемлекеттік мұрағаттың директоры:
– Мен бүгінгі конференцияға ша­қы­рылғаныма қуаныштымын. Ұйым­дастыру жұмысы өте жоғары деңгейде деп айтуға болады. Конференцияның екі бөлімі де сәтті өтті деген ойдамын. Тарихшылар да, мұрағатшылар да Алашорда үкіметіне қатысты көптеген деректерді ортаға салды. Шынымды айтайын, мені көбірек қызықтырған – мұрағатшы­лар­дың деректері. Әдістемелік тұрғыда ортақ мәселелер бар. Мәселен, құжаттардың сақталуы, жарыққа шығуы, нақты деректерді хронологиялық тәртіппен орналас­тыру сияқты жұмыстар – бізде де өте күрделі мәселе.

Ал өз тарапымыздан бізде бір ғана өті­ніш бар. Алашордаға байланысты қазақ­стандық әріптестеріміз шығарған жинақтар бізге де қолжетімді болса деген ниетіміз бар. Бүгінгі конференция барысында «Астана қаласының Мұрағаттар және құжаттамалар басқармасы» мемлекеттік мекемесімен екіжақты келісімге қол қойылды. Енді осы келісімшарт негізінде қазақ мұрағатшылары үшін ақпарат пен дерекқордың ағыны толассыз болады деген сенімдемін!
Ханкелді ӘБЖАНОВ, Ш.Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының директоры, тарих ғылымының докторы, профессор:
– Бүгін осы уақытқа дейін беймәлім болып келген құжаттар таныстырылды. Мысалы, Семей мен Самара арасындағы тікелей байланыс туралы біздің қолымызда ешбір дерек болмаған еді бұрын. Одан бөлек, Том облыстық мұрағатының директоры айтқан Әлімхан Ермековке қатысты жаңа деректер – осы уақытқа дейін ғылыми айналымға енбеген дүниелер. «Теңіз – тамшыдан» демекші, алаштанумен айналысып жүрген тарихшылар – әлі де бірінші буын өкілдері. Одан кейінгілері – екінші буын. Ал алаштанушылардың үшінші буыны тәуелсіздік алғаннан кейін дүниеге келген жастар болатынына сенімім кәміл. Уақыт өте келе осылай біздің тарихтың да біртұтас суреттемесі елдің көз алдына келеді.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста