"Алаш айнасы" мен "Senkazakh.com" сайты әріптестік байланыс орнатты

"Alashainasy.kz" интернет порталы мен "Senkazakh.com" сайты өзара әріптестік байланыс орнатты. Мұндағы негізгі мақсат – қазақ тілді сайттардың деңгейін көтеру, шеттегі қазақ тілді сайттармен байланысты жақсарту, тәжірибе алмасу, жалпы ғаламтордағы қазақ тілінің аясын кеңейту болып отыр.
"Senkazakh.com" сайты шетелдегі қазақ тілді сайттар арасында ерекше көзге түсіп келе жатқан порталдардың бірі. Қазіргі таңда аталмыш сайтты Қытайдағы қазақ бауырларымыз шығарып келеді. Бас редакторы – Ахытбек Шеризатұлы. Демек олар бүгінде Қазақстан мен Қытай арасында ақпараттық көпір қызметін атқарып отыр. Бір ерекшелігі, "senkazakh.com" сайты тек төте жазумен ғана емес, сонымен қатар кирилица әрпімен де ақпарат таратып келеді. Яғни шетте жүрген қандастарымыз осы сайт арқылы Қазақстандағы жаңалықтарды естіп-біліп отырса, біз де осы порталдың көмегімен арғы беттегі ағайынның тыныш-тіршілігінен құлағдар болып отырамыз. Мәліметтерге сүйенсек, аталмыш сайтқа бір күнде 2 мыңға жуық мақала салынады екен, ал қаралымы жағынан порталдың күндік көрсеткіші 100 мыңнан асып жығылатын көрінеді. Онымен қоса, бүгінде сайттағы ақпараттық танымдық мәліметтер 2 миллионға жетсе, тұрақты тіркелушілер саны 60 мың адамнан асып кеткен.
Жалпы айтқанда, "Senkazakh.com" интернет порталының қозғамайтын тақырыбы жоқ. Онда ақпараттар ағыны, саяси сараптама, ұрпақ тәрбиесі, жастар мәселесі, білім мен ғылым, кәсіп пен нәсіп, салауат пен сергектік, құқықтық сауат ашу, тіл мен діл, екі ел арасындағы ынтымақтастық байланыс, бір сөзбен айтқанда, аталмыш сайт әлеуметтік-қоғамдық тақырыптар жиі талқыланатын ашық алаңға айналған. Сондай-ақ сайтта оқырманның келелі ойына да, татымды тұжырымына да ойып тұрып орын беріледі.
Қалай десек те, шындықтың шарайнасы, ақиқаттың алдаспанына айналған "Алаш айнасы" мен "Senkazakh.com" сайтының әріптестік байланысы халықтың мұңын мұңдап, жоғын жоқтаумен ұштаса беретін болады деген үміттеміз.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста