Тізімдегі ең жас актер Боралдай ауылының тұрғыны Елжас Әлпиев. Ер бала «Көшбасшы жолы» киноэпопеясының «Балалаық шағымның аспаны» (2011) бөлімінде президенттің бала кезін ойнады. Түсірілім кезінде Елжастың жасы небәрі 5 жаста болатын. Ол 7 жасар Сұлтанды (фильмде президенттің есімі осылай аталады) ойнады. Бала актер өзінің періштедей күлкісімен, сүйкімділігімен көрерменнің жүрегін жаулап алды. Картина режиссеры Рүстем Әбдрашевтің айтуынша басты рөлге катинг Қазақстан бойынша өткізілген. Нәтижесінде таңдау Елжас Әлпиевке түсіпті, оның түр-келбеті назарбаевқа ұқсайды. Оның президентпен тағы бір ұқсастығы Әлпиевтер отбасы Нұрсұлтан Әбішұлының ата-анасы секілді тұңғыштарын ұзақ уақыт күтіпті.
«Балалық шағымның аспаны» фильмінде 14 жастағы Сұлтанды Әбілмансұр Серіков ойнады. Әбілмансұрға актерлық дарын ата-анасынан дарыған, оның ата-анасы Әбунасыр және Лизы Серіковтер. Ол отбасындағы тұңғыш бала, өзінен кейін үш қарындасы, бір інісі бар. Ата-анасының жолын қуған Әбілмансұр Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясын бітірді. «Балалық шағымның аспаны» фильмінен кейін оны «Біржан сал» фильміне шақырды, мұнда ол Мамайды ойнады. Осыдан кейін актер Таңдау» және «Жібек» сериалдарында басты рөлді ойнады.
Сұлтанның жастық шағы мен студенттік жылдарын экранда сомдаған дарынды актер әрі әнші Нұрлан Әлімжанов. Актер президенттің рөлін төрт картинада: «Балалық шағымның аспаны», «От өзен», «Темір тау» және «Тығырықтан шығар жол» фильмдерінде ойнады. Нұрлан Әлімжанов Ақмола облысының тумасы, Т.Жүргенов атындағы өнер академиясының түлегі. Ол ең алғаш 2005 жылы «Куана» фильміне түсті. Алайда оны танымал еткен «Көшбасшы жолы» киноэпопеясы. Оның ойынын Нұрсұлтан Назарбаевтың өзі жоғары бағалап, елдің еңбек сіңірген қайраткері атағын берді.
Қазақстанның ең сұранысқа ие актерлерінің бірі Берік Айтжанов аз уақыт болса да президенттің орнында болып көрді. Актер Назарбаев жайлы «Жұлдыздар тоғысқанда» (2016) атты бесінші фильмде ойнады. Соңғы картина актердің өзгеруімен ғана ерекшеленген жоқ, режиссеры да ауысты: Рүстем Әбдірашевтің орнын ресейлік режисссер Сергей Снежкин басты. Берік Айтжановтың айтуынша, президенттің рөлін ойнау үлкен мәртебе, сонымен қатар үлкен жауапкершілік. алдағы көктемде актердың қатысуымен «Наурыз.kz» фильмі шығады.
Кейбір деректер бойынша, Қазақстанның президенті жайлы алтыншы фильмі түсірілуі мүмкін. Ол фильмде президенттің образын кім сомдар екен?