Айсәуленің сырға салуға киген киімі жұртқа ұнамай қалды (фото)

Жақында Айсәуле Бақытбекке күйеу жігітінің отбасы сырға салды. Баян Алагөзова тұңғышының өміріндегі елеулі оқиғаны той сияқты етіп өткізді, қазақтың барлық салт-дәстүрлерін сақтауға тырысты. Әйткенмен көпшілікке бұл күні құда түсер қыздың киген киімі ұнамай қалды, деп жазады Stan.kz.

 Айсәуле Бақытбек өзінің сырға салу рәсіміне танымал отандық дизайнердің қолынан шыққан костюм киген. Әппақ түсті шалбар мен тастармен көмкерілген жейде бұл күні құдалыққа қатысқан жандардың ғана емес, барша Instagram қолданушыларының назарын аударғаны рас.

Көпшіліктің айтуы бойынша, сырға салуға кез келген бойжеткен өзінің нәзіктігін айқындап тұратын көйлек киюі тиіс.

“Үнемі бірдеңені ойдан шығарғанды жақсы көресіз. Бойжеткенді кіндік шеше емес, жеңгелері алып шығуы керек. Бұл – біріншіден. Екіншіден, мынадай кофтамен ел алдына шығу нағыз мәдениетсіздіктің белгісі. Мейлі қанша тұрса да, гаухар тастармен көмкерілген болса да… Келген қонақтарды, үлкендерді, салт-дәстүрлерді құрметтеуіңіз керек. Егер оған түкіргеніңіз бар болса, сырға салуды ұйымдастырудың қажеті жоқ еді”, – дейді желі оқырмандарының бірі.

“Сырға салуға әдетте көйлек киеді. Ал мұнда шалбар әрі іші ашық. Қалай осылай киінуге болады? Сонда да бақытты болсын”, – деп пікір білдірді екіншісі.

Ал Баян Алагөзованың өзі бұл күні барлық салт-дәстүрлерді сақтағанына сенімді.

«Сырға салу» біздің ежелгі дәстүріміз! Бұл мен үшін танымдық әрі толқынысқа толы сәт болды. Өмір бойына естелікке қалады. Бәрі қызым үшін, оның бақыты үшін”, – деп жазды ол желідегі парақшасында.

Stan.kz.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста