Айнұр Тұрсынбаеваның қоры Қарағанды облысында көпбалалы отбасына үй тарту етті

"Айдың Нұры" қайырымдылық қоры көп балалы Самихаановтар отбасына Қарағанды облысы, Осакаровка ауылынан үй сыйлады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі МИА Казинформ-ға сілтеме жасап.

Көпбалалы отбасы Ақбұлақ ауылынан Осакаровкаға қоныс аударып келген. Өздерінің жеке баспанасының жоқтығынан бірнеше жыл бойы ерлі-зайыпты Самихаандар туыстарының үйін паналаған. Отбасының қиын материалдық жағдайына көз жеткізген қайырымдылық қор оларға үй сыйлауға шешім қабылдайды. Алайда отбасы мүшелері сыйлық туралы соңына дейін білмеген. Олар үшін бұл нағыз күтпеген тосын сый болды.

 
"Біз өте қуаныштымыз және үйлі болуға көмек қолын созғаны үшін шексіз алғысымызды білдіреміз. Ауылда біздің атымызда үй болғандықтан мен баспана кезегінде тұрмаймын. Осакаровка елді-мекеніне көшіп келгелі бірнеше жыл біз туыстарымызды паналадық. Өзіміздің шаңырағымыздың болуы біз үшін – үлкен бақыт. Тіпті сенудің өзі қиын" ,- деді Нұргүл Самихаан.

Нұргүлдің үлкен қызы 15 жаста, ал үйдің ең кішкентайы небәрі үш айлық. Үйі болғандарына балалары аналарынан да қатты қуанып жүр. Олар ата -аналарымен бірге жаңа үйлеріне көшуге көмектесуде.

Қор мұқтаж жандарға 2020 жылдың наурыз айынан бастап жәрдем беріп келеді. Оның негізін қалаушы және төрағасы - белгілі айтыскер-ақын, "Құрмет" орденінің иегері Айнұр Тұрсынбаева. 

"Біздің мақсат – мұқтаж жандарға қыс түскенше өз үйлерін алуға көмектесу. Қазіргі уақытта мұндай отбасылар өте көп. Біз әр отбасының қаржылық мүмкіндіктерін толық зерттейміз. Міне Самихаан отбасына жеке шаңырақтарының кілтін табыс еттік. Бұл қазірдің өзінде көп балалы және мұқтаж отбасыларға сыйлаған 87-ші үй" , - деді қор директоры Мөлдір Ақылбекова.

Stan.kz

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста