Айнұр Тұрсынбаеваның аста-төк тойы: гауһар тасты әшекейден бастап көлікке дейін (видео)

Айнұр Тұрсынбаеваның 25 жылдық шығармашылық мерейтойы мейрамханада жалғасып, онда қонақтарға гауһар тасты сырға-сақинадан бастап көлікке дейін тарту жасалған. Бұл туралы ақынның өзі сұқбат берген "Айта берсін!" телебағдарламасында айтылды.

Әдетте, тойға қонақтар сый әкелуші еді. Ал Айнұрдың кешінде керісінше болды. Өз кешінде айтыскер қонақтарына түрлі сыйлық жасап, көңілдерін көтерді.

"Қонақтарға өте бағалы сыйлықтар таратылды. Мәселен, кешті ұйымдастырған 8 арудың құлағына Айнұр гауһар тасты сырға, қолдарына гауһар тасты сақина тақты" - дейді бағдарлама жүргізушісі.

Қымбат әшекейге ие болғандар ішінде Алтынай Жорабаева, Гүлнұр Оразымбетова, Жәзира Байырбекова, Қарақат Әбілдина, Тамара Асар, Мәдина Садуақасова да бар.

Қымбат әшекейден бөлек ақын аса қадірлі қонағына көлік те сыйлапты.

Бағдарламада айтылғандай, Айнұр Тұрсынбаева өзінің шығармашылық саладағы ұстазы - Серік Қалиевке көліктің кілтін табыс етті. Ал өзіне қолдау көрсеткен құрбыларының аналарына 60-тан аса шапан жауыпты.

Кештің тағы бір ерекшелігі әдетте төбе көрсете бермейтін жұлдызды арулардың аналары да бұл тойдың төрінен орын алған. Оған қоса, кешке қазақстандық шоу-бизнес өкілдері ақ түсті киім киіп келген. Өйткені той иесінің талабы осылай бопты.

"Дресс-код дейміз ғой. Оны продюсер Жан Мұқан ақыл ретінде айтып еді. Негізі, менің айтыстағы лақап аттарым жетісіп тұрған жоқ қой. Мысалы, мені Жандарбек қасқыр десе, Балғынбек анакондаға балайды. Дұрыс ат бермеген соң өз кешімде өзімді ақтап алайын деп шештім, енді "Айтыстың аққуы" десін мені", - дейді Тұрсынбаева әзіл-шыны аралас.

Sputnik

 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста