Айтыскер ақын Айнұр Тұрсынбаеваның жаңа образы Instagram қолданушыларының тарапынан оң баға алды.
Ақынның жазғы демалыс кезінде түскен суретіне 10 мыңға жуық адам “лүпіл” басып, 300-ге жуық пікір жиналған.
Айнұр Тұрсынбаева әлеуметтік желі арқылы өз ақыл-кеңестерімен жиі бөлісіп, оқырмандарға пайдалы жолдарды нұсқап отыратындығымен танымал.
Ақынның ас дайындауға, денсаулық пен шаш күтіміне байланысты жазбалары қолданушылар тарапынан жақсы баға алуда.
“Айдаладағы біреудің әсемдігіне, байлығына, дене сымбатына қызығып отыра бермей, қазірден бастап өзіңізді қолға алыңыз. Ол неге әдемі? Сіз неге көрікті емессіз? Жүгіріңіз, қуаныңыз, шаршамаңыз! Сәттілік”, – деп жазды ақын жазғы демалыста ерекше образбен түскен суретіне.