Айгүл Иманбаеваның ұлы әкесі жайлы ойын айтты

Айгүл Иманбаеваның ұлы әкесі жайлы ойын айтты

Отандық әнші әрі актриса Айгүл Иманбаеваның ұлы Асылжан Әбдімүтәлиев «Өмірдің өзі» бағдарламасында әкесі Сәбит Әбдіхалықов жайлы айтты, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі jasqazaq.kz-ке сілтеме жасап.

«Менің әкем елдің көз алдында жүрген азамат. Бір рет Мейрамбек Бесбаев «Асылжан, әкең өзгермейтін адам» деп айтып еді. Мен сұхбат алған кісілердің көбі әкесінің қолы ашық, ақкөңіл екенін айтады. Мен де тура солай айтатын едім. Менің әкем қолы ашық, ақкөңіл, адамнан көмегін аямайтын кісі. Менің көзқарасыммен солай. Ал сырт көздің қандай деп есептейтіні маңызды емес. Сондай бір әзілқой, кей жерде аңқаулау, ер адамға тән қатты мінезі бар азамат», — деді Айгүл Иманбаеваның ұлы.

 

Сонымен қатар Асылжан әкесі Сәбит Әбдіхалықовпен қарым-қатынасы жайлы айтты.

 

«Жасөспірім кезде әкемнің кеңесі жетіспеді. Бірақ ол кеңесті өзім барып сұрасам, ол айтатын еді. Менде бір тәкаппарлық, балалық болды, дәтім бармады. Бара алмадым. Ол кісі күйбең тіршілікте жүргендіктен, ойламаған шығар.

Шетелде екі жыл тұрған уақытта әкем жайлы көп ойладым. Сол кезде әкеммен неге сырласа алмаймың, әңгімелесе алмаймын деген ой болды. Шетелде оқуымды бітіріп, Алматыға келген кезде жақын араласа бастадық. Мен өзім сырласа бастадым. Ол кісінің өмірі, жұмысына байланысты қиындықтар болған кезде, өте жақсы сырластық. Ол кісі өз өмірі, жіберген қателіктері жайлы айтты.

Әкеммен қазіргі таңда жақын қарым-қатынастамыз. Адам болғасын түсініспеушіліктер болады. Себебі ол да, мен де адаммын. Екеуіміздің де бір мінезіміз бар. Кейде сол мінезіміз шайқасып қалады. Бірақ ол мінез үшін араласпай кету деген болған жоқ», — деді Асылжан Әбдімүтәлиев.

 

 

Соңғы сағатта көп оқылған жаңалықтар осында Massaget.kz

 

 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста