Айгүл Иманбаеваның махаббат жайлы жазбасы елдің қызу талқысына түсті

Айгүл Иманбаеваның махаббат жайлы жазбасы елдің қызу талқысына түсті

Қазақстандық шоу-бизнес жұлдызы Айгүл Иманбаева желіде махаббат жайлы жазба жариялап, елдің қызу талқысына түсті. Көпшілік жалғызбасты актрисаның сүйіктісін жолықтырғанын болжады деп жазады KAZ.NUR.KZ.

 

Айгүл Иманбаева сүйетін уақыты келгенін Instagram желісіндегі парақшасында хабарлаған. Әдетте, жеке өмірі жайлы ешбір жанға тіс жармайтын әнші бұл жолы іштегі сырымен қалың көпшілікпен бөліскен.

 

"Әр махаббаттың өз уақыты бар. Менің де сүйетін уақытым келді" , - деп жазды Иманбаева.

 

Эстрада жұлдызының бұл жазбасы желі қолданушыларын ойландырып, олардың арасында қызу пікірталас туындатты. Көпшілік өнер иесінің араға бірнеше жыл тастап, ақыр-соңы сүйіктісін жолықтырғанын болжады.

 

Оқырмандар бірінші некесі сәтсіздікке ұшыраған актрисаның бағы ашылып, бақытты болуын тілеп жатыр.

 

"Бақытты болыңыз, лайықсыз" , "Керемет жансыз ғой. Сүйіктіңізді жолықтырғаныңыз дұрыс болған" , "Шүкір ұлыңды ел қатарына қостың, өз жеке театрыңды аштың. Енді өзіңе уақыт бөлу керексің. Өз маңдай теріңмен жеттің барлық жетістіктерге, бақытты болуға лайықты әйелсің. Өз теңіңді тапқаның өте дұрыс", "Бақытты болуға жаралған жансыз" , "Әр әйел бақытқа лайықты. Сүйіктіңізге жолыққаныңызға сондай қуаныштымыз" , - деп жазуда олар.

 

Еске сала кетейік, бұған дейін Айгүл Иманбаева әкесін туған күнімен ерекше құттықтап, оған әсерлі жазба арнады. Әкесі мен қызы жеті жыл бойы араласпаған.

 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста