Айгүл Иманбаева желіде өзін сынап тастайтын оқырмандарымен қалай күресетінін жайып салды. Әнші теріс пікір білдіретін желі қолданушыларынан құтылудың оңай жолын тапқан деп хабарлайды "Ревю" бағдарламасына сілтеме жасаған NUR.KZ.
Шетелдік жігітпен бейнебаян түсіріп, сынға ұшыраған әншіге жазылатын теріс пікірлердің көбісі жеке өмірі жайлы екен.
"Халық ұлық тобыр. Халық керегін алады. Ол тобыр Абайды да өлтірген. Сол себепті мен әр тобырмен үріп отыратын жағдайым жоқ. Мен ешкіммен үріп, айтысып отырмаймын. Тек шектен шығып бір жауап бермесем", - деп айтты Иманбаева.