Елімізге танымал сазгер, халықаралық, республикалық байқаулардың лауреаты Тұрдықылыш Ізтаев 71 жасқа қараған шағында дүниеден озды. Бқл туралы Түркістан облыстық мәдениет басқармасы facebook парақшасында хабарлады, деп жазады Skifnews.kz ақпарат порталы.
«Бүгін қазақ өнері тағы бір саңлағынан айырылды. Елімізге танымал сазгер, халықаралық, республикалық байқаулардың лауреаты Тұрдықылыш Ізтаев 71 жасқа қараған шағында бақиға аттанды. Осыған орай, марқұмның туған-туыстары мен ұл-қыздарына қайғырып көңіл айтамыз. Марқұмның жатқан жері жайлы, иманы саламат болсын!» деп жазды Түркістан облыстық Мәдениет басқармасы мен Мәдениет және халық шығаршалық орталығының ұжымы.
Тұрдықылыш Ізтаев 1949 жылы 30 маусым күні Түркіменстан Республикасының Тахтабазар ауданында дүниеге келген. 1968 жылы Шымкент музыка училищесін, 1973 жылы Құрманғазы атындағы консерваторияны, 1993 жылы Ленинградтағы Н.К. Крупская атындағы мәдениет институтының аспиратурасын бітірген.
Еңбек жолын 1973 Әл-Фараби атындағы Шымкент мәдениет институтында бастап, осы ұжымда 1994 жылға дейін табанды қызмет етті. Халық аспаптар кафедрасының доценті. Ш. Қалдаяқов атындағы облыстық филармонияның көркемдік жетекшісі, халық аспаптары оркестрінің дирижері, 20-дан астам ғылыми және оқу әдістемелік жұмыстардың авторы.
Әндері жеке альбом болып «Махаббат – өмір» деген атпен жарық көрді. Қазақ еліне етене танымал «Нурикамал» әнінің авторы. Облыстық мәслихаттың грамотасымен марапатталған, облыс әкімі белгілеген «2000 жылдың ең үздік композиторы» атанған.
Айта кетсек, Тұрдықылыш Ізтаев – белгілі ақын Ханбибі Есенқарақызының күйеуі. Әйгілі «Нұрикамал» әнінің сөзін сазгерге ақын жарының өзі жазып берген. Осы орайда, біз ерлі-зайыптылардың тамаша туындысына арқау болған Нурикамал мен Ханбибі ақынның бейнежазбасын қоса беріп отырмыз. Онда олар әннің шығу тарихы туралы қысқаша естеліктерімен бөліскен.
ВИДЕО: www.youtube.com/watch