Әйелді арзандататын дүниелер

Интернеттен осы тектес мақаланы оқып қалдым. Әлгі тізімді бір деммен оқып шықтым. Бір қызығы бұл мақала мені жылдар бойғы шыға алмай жүрген меланхолиядан суырып алып шықты.

Сонымен, ең бірінші арзандатып көрсететін дүние шаш екен. Анығында, шашты өзінің болмысына сай келмейтін түске бояу. Екіншісі, үлкен сөмке. Үшіншісі – кеды. Содан кетті дейсің: жыртылған джинсы, тоқылған жемпір, мөлдір капрон, полиэстерден тігілген киімдер, қымбат тондар.

Кедыны лоферге ауыстыру қажет екен-мыс. Үлкен сөмкені клатчке, шашты өзінің түсіне ғана бояу шарт екен. Ұялдым. Шынымды айтсам, өз шашым қандай түсті екені есімде жоқ. Полиэстердің орнына кашемир, құндыз тонды альпаканың терісіне ауыстыруым керек екен. Жыртылған джинсыны тігіп, тоқылған жемпірді сөгіп тастауым қажет. Мөлдір капронға пияз салуым тиіс екен. Осындайды оқып кейде күлкім келеді.

Клатч сатып алу туралы мотивациялық мақала жазуға болар еді. Қайда барса да клатчты қолтықтай жүрді деп. Метрода, дүкенде, қоқыс төгерде де клатчты тастамады. Күйеуі клатч ұстаған әйелін көріп, алдында қандай ханшайым тұрғанын бірден бағалады дегендей.

Әрине, клатч, қызыл көйлек, алқызыл көзілдірік, не хрусталь туфли әйелді күйзелістен суырып алатын ілгек болуы мүмкін дегенге сенем. Дегенмен, бір көйлек жеткіліксіз. Жүрек қан жылап тұрғанда адам неге болса да жармасатынын талай көрдім. Бірақ сәлден соң қайтадан сол таз қалпына түседі. Бетіне қалыңдап кінә деген майдан жағып, оның үстіне торығу дейтін шиені қойып қояды. Тағы да түк шықпады. Тағы да сол тозақ өмір.

Арзан деген қалай? Кашемирдің орнына полиэстер сатып алу емес. Арзан деген мүлде ақша туралы емес. Кез келген адам қолда барына, қажетіне қарай алады. Арзан деген өміріңді неге жұмсауың. Өзіңе ресурс жеткізбей тастайтының.

Өзіңнің бағаңды білетін, қымбат әйел болу үшін кедыны лоферге ауыстыру, яки керісінше жасаудың қажеті шамалы. Өзіңнің құныңды білу үшін өміріңнен не жасағың келетінін түсіну. Бұл өмір тек сенікі. Өзіңе не рұқсат ете алатыныңды пайымдау. Артығына қол жеткізу үшін нендей әрекет жасау қажетін жоспарлау. Өзіңе пайдасын тигізетін шешім қабылдау. Өміріңді тозаққа айналдырмау. Өмірді қоқысқа тастамау. Арзандатуларды күтпестен қалағаныңды сатып алу.

Елена Пастернак

Аударған Шынар Әбілда

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста