«Ағажай-Алтай» кенді шаһарды ән мен күйге бөледі

Төр Алтай қай кезде де таланттарға кенде болмаған. Сөз ұстаған шешен де, қол бастаған көсем де киелі таудың баурайынан қанат қақты. Әлі де солай. Алтайдың атын асқақтатып, туын көкте желбіретіп жүрген азаматтар барлық салада жетерлік. Мейлі өнер, мейлі спорт, мейлі журналистика...
Алайда осынау Алтайдың баурайынан қанаттанған тарланбоздардың басы қо­сы­лып жүр ме? Олар кіндік қаны тамған то­пырағына келіп, тағзым жасай ма? Олар­ды туған жері қаншалықты құрметтейді? Олар­дың туған жерге деген құрметі қан­дай? Соңғы екі-үш жылдың бедерінде осы сауалдарға жауап тапқандаймыз. Мақта­ғандық емес, облыс басшылығына Берді­бек Сапарбаев келгеннен бері осы өңірден түлеп ұшқан танымал тұлғалар туған жерін іздей бастады. Олар туған жеріне жиірек келетін болды. Келгенде де құр қол емес, кін­дік қаны тамған мекеніне титімдей бол­сын жақсылық жасау үшін келетін болды. Әри­не, бұл ретте Бердібек Сапарбаевтың бастамасымен қолға алынған «Туған жерге тағзым», «Туған ел – алтын бесігім» атты акцияларының үлкен маңызға ие болға­нын айтуға тиіспіз.
Алтай демекші, жақында Алтайдың бау­райында, Өскемен қаласында, ерке Ертістің жағасында «Ағажай-Алтай» деп аталатын керемет бір коңыр кеш өтті. Кеш­тің ерекшелігі сол – төр Алтайдың баура­йы­нан, шығыс өңірінен шыққан, әрісі мұхит асып, берісі Астана мен Алматыда жүрген танымал тұлғалар бас қосты. КСРО Халық әртісі Бибігүл Төлегенова, опера әншісі Майра Мұхамедқызы, Майра Ілияс­қызы, Дәлел Уәшев, жұлдызды жұп Мах­мұд Тойкенов пен М.Нүркенова, дәулескер күйші Секен Тұрысбеков, Толқын Зәбирова сынды өнерпаздармен бірге кезінде облыс­ты басқарған Талғатбек Абайділдин, Парламент депутаттары Светлана Ферхо, Николай Кузьмин, Мәдениет және ақпарат министр­лі­гі­нің жауапты хатшысы Жанна Құрманғалие­ва, республикалық «Алаш айнасы» газеті­нің бас редакторы Серік Жанболат сынды есімі елге әйгілі азаматтар осы фестиваль­дың құрметті қонағы болды. 
Жақсылық ОМАР, Шығыс Қазақстан облыстық мәдениет басқармасының бастығы:
– Бұл идеяны облыс әкімі Бердібек Сапарбаев өткен жылы айтқан болатын. Шығыстан шыққан Алаштың айтулы азаматтары аз емес. Сол кісілердің ба­сын қосып, туған жерінде үлкен бір іс-шара өткізуді мұрат тұттық. Алтай  тек қазақтың ғана емес, бүкіл адамзаттың алтын бесігі ғой. Сондықтан фестиваль­дың атын «Ағажай-Алтай» деп қойдық. Бұл шараға Алтайдың етегінде туып-өскен Бибігүл Төлегенова апамыз бас­таған өнер, спорт және журналистика саласында жұлдызы жарқырап жүрген тұлғаларды шақырдық. Кейбір шақыр­ған қонақтарымыз түрлі жағдайлармен келе алмады. Алла сәтін салса, бұл фестиваль келесі жылы да өз жалғасын табады. Ауқымды мәдени шараны өткізудегі мақсат біреу – біздің облыс­тың, Өскемен қаласының тұрғындары­на, ең бастысы, жастарға осы адам­дар­ды үлгі ету. Өйткені бұл адамдардың барлығы, біріншіден, өзінің таланты­мен, екіншіден, қажырлы еңбегімен осындай дәрежеге жетіп, ел құрметіне бөленген жандар.

«Туған жерімнің күннен-күнге көркейіп келе жатқаны қуантады»
Кеш шымылдығы КСРО Халық әртісі Бибігүл Төлегенованың әйгілі «Мама» әні­мен ашылды.
– Туған жерімнің күннен-күнге көр­кейіп, гүлденіп келе жатқаны – мен үшін зор қуаныш. Осындай әсем қалаға жиі келіп, жұртшылықпен жүздесіп тұрғанға не жетсін?! – деген халық әртісі Бибігүл Тө­ле­генова жерлестерін айтулы мерекемен құттықтап, жылы лебізін жолдады.   
Бұдан кейін сахнаға көтерілген еліміз­дің еңбек сіңірген әртісі, опера әншісі Май­ра Мұхамедқызы, күйші-композитор, «Ақ жауын» мемлекеттік камералық оркест­рі­нің бас дирижері Секен Тұрысбеков, елі­мізге еңбегі сіңген әртіс Майра Ілиясова, Дәлел Уәшев, жастардың сүйікті әншілері, жерлесіміз Толқын Зәбирова мен Лидо Ертіс жағалауындағы алаңқайға жиналған сан мыңдаған адамды өнерлерімен тәнті етіп, ән мен күйге бөледі.
Айтпақшы, өңірдегі бас қаламыздың туған күніне терістіктегі көршілеріміз де өзінің тарту-таралғысын ала келіпті. Ресей­дің Барнаул қаласынан келген «Песнохор­ки» халық әндері театрының ұжымы үлкен қошеметке бөленді. Сондай-ақ Алатаудың баурайындағы ару Алматыдан келген «Са­мұ­рық» бишілер тобы оңтүстіктің сәлемін жеткізді. Топ жетекшісі, жерлесіміз Гүлнара Адамованың айтуына қарағанда, он жыл­дан астам сахна төрінде көрермендерін қуантып жүрген өнер ұжымы осы тойға өздерінің арнайы әзірлеген бағдарлама­сымен келіпті.     
Майра ІЛИЯСОВА, елімізге еңбегі сіңген әртіс:
– Мен өте қуаныштымын. Өйткені өзімнің еліме келіп отырмын. Сахнада­ғы, өнердегі достарымызды көріп жа­тыр­мыз. Әрине, Алматыда да жолығып жүреміз. Бірақ бұл кештің мәні де, ма­ңызы да ерекше. Мен бұл мәдени шара өз жалғасын табады, ғұмыры ұзақ бо­ла­ды деп ойлаймын. Өйткені мұндай кештер бізге ғана емес, елге керек. Теле­дидардан көрсету бір бөлек, ал мынадай аспан астында елмен етене жүздесудің мәні тіпті ерекше.  Сондық­тан мұндай кештің тәрбиелік мәні өте жоғары. Осындай игі шараны өткізуге мұрындық болған облыс басшысы мен облыстық мәдениет басқармасына басымды иіп, алғысымды айтамын.

Айта кетейік, бұл фестиваль 15 қыркү­йек – Өскемен қаласының күні аясында ұйымдастырылды. Бұл күні облыс орта­лы­ғында бірнеше тұрғын үй пайдалануға беріліп, Үлбі көпірі астындағы жолайрығы салтанатты түрде ашылды. Фестивальға арнайы келген құрметті қонақтар осы шаралардың барлығына қатысып, күннен-күнге өркендеп келе жатқан Өскемен қала­сының тыныс-тіршілігімен танысты.

Қонақтар лебізі
Талғатбек АБАЙДІЛДИН, ҚР Парламенті Сенатының депутаты:
– Шығыста жүзеге асырылып жат­қан іс-шараларды, бастамаларды кө­ріп, шы­нымен де, риза болып отырмын. Ел халқының игілігі мен жақсы тұрмысы үшін бағыт­талған мемлекеттік бағдар­ламалардың барлығы бұл өңірде ор­ны­мен орындалып, өз шешімін табуда. Жұмыс сапарлары аясында, нысан­дар­ды аралау кезінде, тұрғындармен кез­де­сулерде байқағаным, жергілікті жұрт­тың көңілі тоқ. Әлеуметтік жағдайлары да жақсы көрінеді. Әсіресе  өңірде тұң­ғыш рет ұйымдастырылып отырған «Ағажай-Алтай» фестивалін ерекше атап өтуге болады. Рас, шығыстан шық­қан тұлға­лар аз емес. Бірақ олардың басын қосу оңай шаруа емес. Дегенмен облыс басшысы үлкен бір істі қолға алған екен. Біз мұны әрдайым қолдап, қуат­таймыз.      

Жанна ҚҰРМАНҒАЛИЕВА, ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің жауапты хатшысы:
– Елдің бірлігін нығайтып, ұлттардың ынтымағын жарастыруда мұндай мереке­лік шаралардың маңызы жоғары. Бүгінгі өтіп жатқан фестивальдың ұйымдасты­ры­луы, өту барысы көңілімізден шықты. Ал­дағы уақытта жалғасын табар деген ойда­мын.

Төлеутай СҮЛЕЙМЕНОВ, қоғам қайраткері, Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы дипломатия институтының директоры:
– Бұл шараның мән-маңызы, ұр­пақ­қа берер үлгі-өнегесі терең деп бі­ле­мін. Қала өсіп-өркендеп келеді. Жыл сайын жаңа ғимарат, жаңа нысандар салынып жатыр. Үлбі көпірінің астынан ашылған жолайрығы қандай керемет! Бірнеше тұрғын үй пайдалануға беріл­ді. Мұның бәрі, айналып келгенде, қала тұрғындары үшін жасалып жатқан дүниелер.  

Бибігүл Төлегенова, Майра Мұха­мед­қызы, Майра Ілиясқызы секілді тұлғалар елге келіп, туған жеріне тағ­зым жасап жатыр. Бұл – өте қажет дү­ние. Осындай іс-шаралардың ортасын­да болып, басы-қасында жүруді парыз деп санаймыз. Өйткені біз шығыстың тумасымыз. Мұндай іс-шаралар жыл сайын өткізіле берсе, нәтижелі болады. Елдің қуанышына, алғысына бөленеді.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста