Димаш Құдайбергеннің жалғыз қарындасы Раушан да сахнаға шықты деп хабарлайды NUR.KZ.
Дайындық концертінің видеосы әлеуметтік желіде пайда болды.
Ағайындылар халық әні "Дудар-айды" айтқан.
Қазақстан халықтарының ассамблеясы концерті Астанада 28 сәуірде өтеді.
Жарты әлемді мойындатқан Димаштың тыңдармандары Раушанның да өнеріне тәнті болды.
"Раушан, өнер әлеміне аттаған қадамың құтты болсын", "Дауысың әдемі екен" деп жазды желі қолданушылары.