Кеше ҚР Ұлттық кітапханасында Шәмсия Қалжанованың «Санат» баспасынан жарық көрген «Қалжан Ахун» атты кітабының тұсаукесер рәсімі өтті.
Қалжан Ахун Бөлекбайұлы 1862 жылы дүниеге келген. Қалжан Ахун – ғалым және діни ағартушы. Ол араб, парсы тілдерін жетік меңгеріп, Хиуа мен Бұхарада (Көкел-таш медресесі) жоғары білім алып, Қызылорда облысының Тереңөзек ауылында ағартушылық қызметтермен айналысқан. Қалжан Ахун ислам дінін насихаттаумен шектелмей, өз шәкірттерін шығыстың ғылыми және рухани бай мұрасымен таныстырған.
Бұл кітап – Қалжан Ахунның немересі Шәмсия Уамыққызы Қалжанованың 2002 жылы «Санат» баспасынан жарық көрген «Қалжан Ахун» атты кітабының 2012 жылы қазақ тіліне аударылып шыққан басылымы. Кітапқа Уамық Қалжанұлының және оның замандастарының ҚР Ғылым академиясының, М.Әуезов атындағы Өнер және әдебиет институтының мұрағаттарынан табылған өлеңдері енгізілді. Кітапта қазақ халқының тарихында күрделі із қалдырған XIX ғасырдың тарихи кезеңдері орын алған. Автор Қалжан Ахунның өмірі мен еңбек жолын, жарқын бейнесін еліне танытқан, ұрпақтарына жеткізген, әкесінің адал еңбегін теріс таныған кеңестік саясаттың қудалауына ұшыраған Уамық пен Мағұмардың еңбектерін ашып жазған. Тұсаукесерге автордың отбасы, мемлекет және қоғам қайраткерлері, кітапхана оқырмандары мен қызметкерлері қатысты.
Ағартушы бейнесін елге танытқан еңбек
Последние статьи автора