Қазақ атын күллі әлемге паш етіп жүрген Димаш Құдайбергеннің ата-анасына желіде көпшілік сүйсіне қарады. Қанат пен Света Айтбаевтар өздерінің жас кезіндегі фотосымен бөлісіп, жұртты тәнті етті. Желі қолданушылары ерлі-зайыптылардың сұлулығы мен өзара жарасымдылығына тамсанды деп жазады KAZ.NUR.KZ.
Көптің қызу талқысына түскен суретті Қанат Айтбаев өзінің Facebook парақшасында жариялаған.
Фотодан бүгінгі күннің басты жұлдызына айналған Димаштың ата-анасының жас кезін көруге болады. Қол ұстасып тұрған ерлі-зайыптылардың суретін азғантай уақыт аралығында көптеген адам көріп үлгеріп, оған өз әсерін жазып қалдырған.
Қанат пен Света Айтбаевтарға деген ыстық ықыласын әнші ұлдарының шетелдік жанкүйерлері де білдірген. Аталмыш фотоға ағылшын тілінде пікір жазғандардың да саны көп болып шықты.