Әбіш Кекілбаев Мақтымқұлы сыйлығын иеленді

Нұрғиса ЕЛЕУБЕКОВ (фото)

Бүгін Астанадағы Еуразия ұлттық университетінде «Мақтымқұлы және дәстүрлі түркі поэзиясы» атты халықаралық конференция өз жұмысын бастады. Түркі академиясының мұрындық болуымен ұйымдастырылған шараға Түркі кеңесі, Түркменстанның Қазақстандағы елшілігі мен Түркіменстан Ғылым академиясымен бірлесіп қолдау көрсеткен болатын. Айта кетерлігі,
Мақтымқұлы Пырағы тек түркімен ұлтының ғана емес, шығыс позиясының жарық жұлдыздарының бірі. ТҮРКСОЙ халықаралық түрік мәдениеті ұйымы 2014 жылды классик ақын Мақтымқұлы мен қырғыз ақыны Тоқтағұл Сатылғановтың жылы деп жариялаған-тын. Содан бері Мақтымқұлы мерейтойы жыл басында Анкарадан бастау алып, Қазақстан, Қытай, Жапония, Әзербайжан, Түркіменстан, Өзбекстан елдерінде жалғасын тапты. Ақын мерейтойын атап өту әлемнің 30-дан астам мемлекетінде жыл бойы жалғаспақ.
Түркіменнің аңызға айналған ақынының шығармалары 1947 жылы қазақ тіліне аударылған болатын. Оған орасан зор еңбек сіңірген аудармашы Дүйсенбек Қанатбаев. Содан бері Мақтымқұлы шығармалары қазақ тілінде сан рет жарыққа шықты. Айта кететіні, Түркі кеңесі Мақтымқұлы мұрасына еңбек сіңірген әдебиет қайраткерлерін марапаттап, оларға ақын атындағы сыйлық табыстауды жөн деп шешіпті. Осыған орай, халқымыздың заңғар жазушы Әбіш Кекілбаев ақын атындағы сыйлықтың алғашқы иесі атанып отыр. Тоқтала кететін тағы бір жайт, Мақтымқұлы Пырағы мұрасын зерттеп, жұртшылықпен етене етуге ғаламат еңбегін сіңірген марқұм Дүйсенбек Қанатбаев та осы сыйлыққа лайық деп танылып, мұндай жоғары марапат ол кісінің отбасына табысталыпты. Сыйлықты иеленгендер арасында Ілия Жақанов, әзербайжан тіліне аударған Рәміз Әскеров, өзбек тіліне аударған Ергеш Ачилов тар да бар.
Нұрлан ОРАЗАЛИН, ҚР Жазушылар одағының төрағасы, Сенат депутаты:
–Бұрынғы уақыттары мұндай тұлғаларды әр елде оқыту жақсы жолға қойылған болатын. Сол шақтары қазақ баласы түркіменнің ақындарын білетін, олар біздің ақындарымызды да жата жастана оқитын. Қазір әр мемлекет өз алдына жеке бөлінгеннен кейін мұндай үрдіс қалып қойды. Сондықтан осындай шара аясында түбі бір түркінің тұлғаларын кеңінен насихаттап, танытуды жолға қою керек

Бұл халықаралық конференцияға екі мемлекеттің зиялы қауым өкілдері қатысып, Мақтымқұлының өмірінен сыр шертетін көрме ұйымдастырылып отыр. Аталған шараның басты мақсаты - екі халықтың рухани байланысын одан сайын арттыра отырып, түркінің мақтанышына айналған тұлғаның мұраларын жалпы бұқараға насихаттау.
Алаш анықтамасы:
Мақтымқұлы Пырағы (1733-1783) Түркіменстанның Атрек өзені бойындағы Хажыговшан деген ауылда дүниеге келген. Ақынның әкесі Дәулетмәмед Азади білімді, белгілі ақын, ғұлама болған. Мақтымқұлы ақындығымен шектеліп қалмаған тұлға. Өз дәуірінің қайраткері, пәлсапашысы әрі ғұламасы. Оның есімі шығыс поэзиясының жарық жұлдыздары Жәләләддин Руми, Сағди, Омар Хаям сынды дүлдүлдермен қатар аталады. 17-18 ғасырда түркімен халқы үшін басқыншылар басқа шыққан ауыр кезең болған. Жас Мақтұмқұлының сол кездері қара халқының қамын күйттеп жырлаған жырлары қазақтың ақыны Абайдың көптеген туындыларына өте ұқсас.
Ал түркімен классик ақының даналық пен ғибратқа толы, адамгершілік пен махаббатқа үндейтін, тақуалыққа негізделген жырлары болса, Қожа Ахмет Яссауи хикметтерімен үндесіп жатады. Түркімен ақыны өз уақытында қазіргі Өзбекстан, Қазақстан мен Тәжікстан даласында да сапар шеккен. Ақынның соңында қалған 500-ден астам туындысы бар. Мақтұмқұлы дүниеге деген философиялық көзқарастары, махаббат ғазалдары мен адамгершілікке, рухани тазалыққа үндейтін ғибратты жырлары парсы, әзербайжан, түрік, татар, башқұрт, қазақ тілдеріне тәржімаланып, басылған. Биыл алғаш рет корей және қытай тілдеріне аударылып басылып отыр. Мақтұмқұлының таңдамалы шығармалары қазақ тілінде 1947 жылдан бастап, жеке жинақ болып шыға бастады. Айта кетейік, Түркіменстанда 18 мамыр күнтізбеде демалыс күні ретінде белгіленіп, жыл сайын жаңару, бірлік пен Мақтымқұлы Пырағы күні ретінде аталып өтіледі.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста