«Әбіш әлеміне» үңілді

«Әбіш әлеміне» үңілді

Кеше Астана қаласындағы Мұхтар Әуезов атындағы балалар мен жасөспірімдер кітапханасында «Әбіш әлемі» атты көркемсөз оқу шеберлерінің байқауы болып өтті.

Аталған әдеби-танымдық шараға елордадағы бірқатар мектеп, гимназиялардың оқушылары мен жоғары оқу орындарының студенттері қатысты. Байқауда мектеп оқушылары мен студенттер қазақтың көрнекті қаламгері Әбіш Кекілбайұлының прозалық шығармаларынан және поэзиялық туындылары мен аудармаларынан үзінділер оқыды.

Байқау қорытындысында №40 мектептің оқушылары Абылайхан Оразәлиев пен Мәдина Жақыпова бірінші орынды жеңіп алды. Олар жазушының аудармалары ішінен «Ромео мен Джулетта» дастанынан үзіндіні сахнаға шығарды. «Махаббат мұнарасы» туындысынан үзіндіні шебер оқыған Л. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің ІІІ курс студенті Оразгүл Мақсұтова екінші орынға ие болды. Бала Әбіштің рөлінде ойнаған №37 мектептің шәкірті Айбек Мұхамбетқалиға үшінші жүлде табыс етілді.

Сонымен қатар ерекше көзге түскен бірқатар шәкірттерге ынталандыру сыйлықтары берілді. Бұған қоса, қаламгер шығармашылығынан үзінді оқуға өз ынталарын білдірген оқушыларға да белсенді оқырмандар сыйлығы табыс етілді. Тағы бір есте қалғаны – 6 жасар Жанерке Жақсылық жазушының «Аю мен дәрі» атты мысалын жатқа оқып берді. Қазылар алқасы Жанеркені арнайы сыйлықпен марапаттап, болашақта рухани байлыққа кенеле беруіне тілек білдірді.

Бұл шараны ұйымдастырған «Астана қаласының орталықтандырылған кітапханалар жүйесі» мемлекеттік мекемесінің директоры, қазылар алқасының төрағасы Сапарғали Медеубеков осы байқау Әбіш Кекілбайұлының 70 жасқа толуы қарсаңында ұйымдастырылып отырғанын атап өтті. Алдағы уақытта «Әбіш әлемі» атты көркемсөз оқу шеберлерінің байқауының заңды жалғасы ретінде өзге де мектеп пен жоғары оқу орындарында арнайы шаралар ұйымдастырылмақ.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста