Абайдың шәкіртіне арналды

Абайдың мемлекеттік тари­хи-мәдени және әдеби-мемо­риал­дық қорық-мұражайын­да  Абайдың шәкірті, белгілі ақын, әнші, композитор Уәйіс Шондыбайұлының туғанына 140 жыл толуына арналған әдеби кеш өтті.
Белгілі ақын, айтулы әнші, композитор  Уәйіс Шондыбайұлы – қазақ әдебиетінің ХХ ғасыр басындағы көрнекті өкілдерінің бірі, Абайдың талантты шәкірті. Уәйіс ақын – жас кезінен-ақ әнші, домбырашы, сырнайшы ретінде жұрт көзіне түсіп, кейін өзі де ән шығарып, ақындық өнерімен де әйгілі болған сегіз қырлы өнерпаз.
Ақын, әнші, композитор Уәйіс Шон­дыбай­ұлының туғанына 140 жыл толуына арналған кешті Абай мұражайының дирек­торы, филология ғылымының кандидаты, до­цент Әубәкір Жандос Мағазбекұлы ашты.
Ақынның өмірі мен шығармашылығы туралы Абай мұражайының аға ғылыми қызметкері Алдабергенова Алмагүл баян­дады. «Уәйіс Шондыбайұлы мұрасының зерт­телу жайы» туралы Қазақ инновация­лық гуманитарлық  заң университетінің аға оқытушысы, филология ғылымының кандидаты Мұқашев Еркебұлан Советұлы баяндама жасады.
Кеште Семей қаласының әншілері: әнші Жолжігітов Мейрамбек Уәйістің «Перуайым» әнін, «Қайнар» колледжінің студенттері Уәйістің өлеңдерін, М.Төлеба­ев атындағы саз колледжінің студенттері «Күй тартыс» орындады.
Кешке қаламыздың зиялы қауымы, мұражай қызметкерлері, жоғары оқу орын­дарының оқытушылары мен студент­тері қатысты.
А.АЛДАБЕРГЕНОВА, Абай қорық-мұражайының аға ғылыми қызметкері

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста