Абайдың атымен туризмді дамыту айып па?

Абайдың атымен туризмді дамыту айып па?

Қазақ атын әлемге паш еткен Абайдай алыптың туған топырағын басу, тұтынған заттары мен «Абай жолында» суреттелген тарихи жерлерді көру әркімге арман. Тіпті алыс шетелден анталап келетін ағайын да Қазақстанға ат басын тіреген соң, Жидебайға бір соқпай кетпейді. Аудан орталығы Қарауылдан – 25, Семейден 184 шақырым жердегі Жидебайда Абайдың мұражайы мен 1995 жылы ақынның 150 жылдығына орай салынған Абай, Шәкәрімнің кесенесі бар. Тарихи орынға келген меймандар ас ішіп, аяқ суытатын орынға зәру. Сол үшін Жидебайдағы мұражайдың дәл қасынан заманауи қонақүй салынған болатын. Қанша жылдан бері қаңырап, бос күйінде желдің өтінде тұрып-ақ мүжілуге шақ қалған қонақүй қолданысқа беріле ме, жоқ па? Талайды зар қақсатқан мәселеге не себеп?

Қонақүйді бұзу не іске қоспау – біткен іске қиянат
2007 жылы бой көтеріп, 2008 жылы тұ­сауы кесілген қонақүйді Жидебайға бар­ған сайын көзім көрді. Бірақ үнемі жа­бық. Неге? Сұраққа жауап ал­мақ мақ­сат­пен Абай ауданы әкімі мен Жидебайдағы қорыққа жауапты Семейдегі Абай мұ­ра­жайы­ның бас­­шысына барып, жай-жап­сар­ды сұра­дым. Мәселе мынада екен. Қо­нақүй 2008 жылы Шығыс Қазақстан облыстық бюджет бойынша Кәріп­жа­нов­тың кезінде басталып, Бергенов тұсында аяқ­талған. Бірақ еш­қан­дай министрліктің рұқ­сатынсыз. Заң бойын­ша Мәдениет ми­нистрлігіне қарайтын қорық жеріне облыс бюджеті ешқандай құрылыс салуға тиіс емес. Қазіргі аудан әкімі 114 млн теңге қа­­ражат жұмсалған ке­шен­ді «бұзып тастау не мүл­дем іске қоспау қиянат болады, мұ­ны пайдалануға бе­ру керек» деген мә­се­лемен ҚР Парламент Мә­жілісінің де­пу­та­ты Ержан Рахметовке хат жол­даған екен.
Хатта көтерілген мәселелер: «1. Абай мұ­ражайы мен Абай-Шәкәрім ме­мо­риал­дық кешенін толық жөндеу. Жылма-жыл Мәдениет министрлігі тара­пынан мар­дым­сыз қаражат бөлініп, атқарылатын істердің созыла бергенінен еш нәтиже жоқ. Ми­нистр­лік арқылы «Қаз­рес­тав­ра­ция» ме­ке­ме­сіне ке­шен­ді жөндеу үшін мем­лекеттен 18 млн теңге бө­лін­ген дейді, бі­рақ ол қар­жы­ға қандай жұмыс, қан­ша жыл істелетінін әкімдік сұраныс жасағанда, еш­қандай мә­лі­мет ала алмауы. Мұражайды жөндеу келешекте қандай бағытта болатынын да білмеуі аудан ақсақалдары мен барша жұртшылықты алаңдатады. 2. Мәдениет министрлігінің рұқ­са­тын­сыз салынған мәдени-тұрмыстық кешеннің ары қа­рай жұмыс істеу-істемеу мәселесі. Салынған ғи­ма­рат­тың мәселесін шешетін – тікелей министрлік. Мем­лекеттік қаржымен жұмсалып, халық игілігі үшін салынған тарихи орынға келіп-кетуші қонақтар аса мұқтаж болып отырған дайын кешен бұзылса, бұл біткен іске қиянат жасау».
Тұрсынғазы МҮСӘПІРБЕКОВ, Абай ауданының әкімі:
– Тұрмыстық кешенді бұзып, басқа жерге алып кету не мүлдем жауып тас­тау бәленбай млн қаражат жұмсалған соң, қиянат болады. Облыс басшысы да, мен де осында қалдыруды жөн са­нап отырмыз.  Осыған байланысты Се­мей­дегі мұражайдың басшысын ша­қырт­тық. Ол кісі «бұзып алып кет­сін» деп көнбей отыр. Шынын айтқан­да, мә­дениет министрі Мұхтар Құл-Мұха­мед­ке де хат жазып қойдым. Алдымен Парламент Мәжілісінің депу­таты, жерлесіміз Ержан Оразұлы­на жазған хаттан жауап келуін күтіп отырмыз.  Менің жеке ойым мемо­риал­­дық кешен Абай музейінен бөлі­н­­се екен деймін. Жидебайда 17 адам жұмыс істейді. Музейдің сыртындағы сылақ мәселесін айтпағанда, былайғы тозық мәселесі басшылық Семейде отырған соң, мына жақта немқұрайдылық бар секілді. Қонақүйді кешенді балансқа алу мәсе­лесіне министрлік те қарсы болып отыр. Тығырыққа тірелген мәселе болды. Бі­рақ бұл мәселені бұлай қалдыруға бол­майды. Тұрмыстық кешенді бұзып, қайта құруға келмейді. 
ЖАҢА ЗАМАНҒЫ КЕШЕННЕН ҚҰНАНБАЙДЫҢ ҚҰДЫҒЫ МЫҢ ЕСЕ АРТЫҚ
Семейдегі Абай мұражайының директоры Жандос Әубәкірдің құрылысқа қарсылығы – оны мүлдем бұзып, көзін құр­­ту­­да емес, қонақүйдің Жидебайдың тарихи бейнесін бұзып тұруымен байла­ныс­ты екен.
Жандос ӘУБӘКІР, Абай қорық-мұражайы­ның директоры:
– Мәскеудегі Толстойдың мекені «Ясная Полянаға» бардым. Барлық дүние Толстой дәуіріндегі өз қалпын сақтап қалған. Жидебайды да сол заман қалпымен тарихи келбетін сақтап қалуымыз керек. Бұл – мен басшылыққа келгенге дейін көтерілген мәселе. Жи­де­бай – қорық аймағы, тікелей мемле­кет­тің қарауындағы жер. Аталған құры­лыстың бізге қаты­сы жоқ. Тұрмыстық кешен неге қарау­сыз болды? Біріншіден, заңсыз салын­ған. Екіншіден, Жидебай­дың табиғи келбетін бұзып тастаған. Біз қорықтың рельефін сақтап, ұстауымыз керек. Жидебайға  келген адамға «Шы­ң­ғыс­таудың биігі анау – Хан тауы» деп көрсете аласыз ба, көрсете алмайсыз. Тұрмыстық кешенді жауып тастаған. Құнанбайдың құдығы бұ­рыш­та  қалып қойған. Бұл – тарихи ескерт­кіш­ке жаса­ған қиянатымыз. Мұражай қызметкер­лері Ақбаз ауылынан келіп жұмыс істейді. Егер кешен қолданыс­қа берілсе, онда істейтін адамдар қайда тұрады?  Әлбетте, ішінде тұрып істейді. Онда кафе болса, қалдық тамақ, жуынған су қайда кетеді? Ескі бағыттағы сипат­та болса бір жөн. Заманауи сипат  бұрын­ғы ғимараттармен сай емес. Шын сапа­лы, жақсы құрылыс болса, ешкім дау айтпас еді. Сапасыз мате­риал­дан, жаз­ғы үлгідегі шыныдан жасалған. Арғы-бергі жағы көрініп тұрады. Қыста жата алмайсың. Қай жағынан келсе де, қате салынған құрылыс. Әрине, кісілер келіп қона­тын, тамақ ішетін кешен керек. Жиде­бай қасында бұрын үйлер болған, оның барлығын Ақбаздың басына кө­шіртіп тастады. Қазір қайтадан бір үйді арнайы бөліп, сол жерде шай-тамақ ішуге жағдай жасап қойдық. Тіпті ар­найы тамақ дайындайтын, күтетін адам­дар да бар. Білген адамға Абай-Шәкәрім кесенесінің төрт бұрышындағы шошақта арнайы жататын орын бар.  Оның үстіне, қонақүй құрастырмалы. Демек, оны Ақбаз ауылына көшіруге болады. Маған Құнанбайдың құдығы мың есе артық. Тарихи орынды қазіргі заманғы бизнес жолына айналдырудан қорқамын.

Әкімдік пен мұражай жақтың да ойлары ойға қонымды. Шындығында, салынып қойған қонақүйді біржола бұзып, күресінге  тастай алмайсың. Онда мемлекет қазынасынан алынған қанша қаржыға қиянат болады. Жидебайға келген қонақтарға қызмет көр­се­те­тін бір орынның қажеттілігі де көрініп тұр. Жандос мырзаның айтуын­ша, қонақүй кешенін арнайы комиссия келіп тексергенде, оның толық бітпегендігі мен сапасыздығы анықталған екен. Шын мәнінде, құрас­тыр­малы дүние болса, расында, екі-үш шақырым жердегі Ақбазға неге көшірмеске?! Не де болса, бұл жағдайды аяқсыз қалдырмай, екі тарап таласқа бара бермей, бірігіп шешкен жөн сынды. Қай-қайсысы болса да Шыңғыстауға шын жанашыр азаматтар. Бұл аймаққа екеуі де бөтен емес. Әйткенмен қонақүй мәселесі тек әкім мен мұражай директорының ғана шашын ағартпауы тиіс. Құзырлы органдар ұлылар мекеніне деген қамқорлықты сезінуі қажет. Әйтпесе тарихи келбет те, қомақты қаржы да құрдымға кетпек. Абай-Шәкәрім атағы туризмге азық  емес, ең алдымен, рухани азық екенін естен әсте шығармаған жөн...

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста