«Абай жолын» оқыдыңыз ба?

«Абай жолын» оқыдыңыз ба?

Абайды тану «Абай жолынан» басталады. Сол арқылы бүкіл қазақ болмысы ашылады. Бірақ біз ұлтымызды әлемге әйгілі еткен Мұхтар Әуезовтің атын ең алдымен осы ұлы шығарма арқылы білгенімізбен, «Абай жолы» роман-эпопеясының құндылығы қаншалықты екендігіне бүгінгі күнде қаншалықты мән беріп жүрміз? Шындығына келгенде, «Абай жолын» оқуды жас ұрпақтың жадына құймас бұрын өзіміз оқыдық па? Осы сұраққа жауап алу мақсатында біз семейліктер арасында сауалнама жүргізген едік.
Айнагүл ТАСБОЛАТОВА, мұғалім, 22 жаста:
– Студент кезiмде оқығанмын. Қа­зір қайтара оқып жатырмын. «Абай жолы» –сол кездегі қоғам айнасы, қақ­ты­ғыстар, ұлттық таным, болмысты бей­нелейтін жауhар шығарма. Абай ауылына Бiржан салдың келуi арқылы ұлттық өнердiң бағасы артқан. Тоғжан бейнесi арқылы қазақ қыздарын дәрiп­теуге жол ашылған. Сонымен бірге ру арасындағы тартыс пен ескi салттардың әсерi адамды бейжай қалдырмайды.

Балғын ЖҰМАБЕКОВ, теміржолшы:
– «Абай жолын» мектепте оқы­ға­ным бар. Кейбір оқиғалары ептеп есім­де көмескі тартқаны рас. Бірақ Құнан­бай­дың жер дауы үшін Бөжейге құн орнына Кәмшат деген қызды беріп, қыз­ды көруге барған Абайдың сол шақтағы жай-күйі мені ерекше тебі­рентті. Одан бөлек табиғат көріністері ғажап баяндалады. Абайдың Тоғжанға келгенде  өзеннің тасуы, досы Ербол­дың қол ұшын беруге ұмтылуы қызық­тыра түседі. Ол кездегі Шыңғыстау мен қазір­гі Шыңғыстауды мүлде салыстыра алмайсың. Бүгінгі кейпі полигон кесе­лі­нен құрыған сияқты көрінеді маған. Әйт­песе біз «Абай жолындағы» ұлы мекен­нің нағыз табиғи келбетін осы уа­қыт­қа дейін сақтасақ, шығарма құді­ре­тіне одан сайын бойлай түсер едік қой.

Асхат БӘКІРОВ, сәулетші:
– Абайдың мекенінде жүріп, «Абай жолын» оқудың орайын келтіре алма­ғаныма қатты ұялып жүретінмін, әрине. Ал жақында оның аудиодискіге жа­зыл­ған нұсқасын таптым. Сол маған өте жақсы серік болды. Әсіресе жолға шыққанда. Қоссаң болды, диктордың асқан мәнермен оқитыны сондай, тебірене тыңдап келе жатып, Абай дәуі­рі көз алдыңда дөңгелей жөнеледі. Әлі тыңдап тауысқан жоқпын. Бірақ тірші­лік­тің қар­баласынан қол қалт еткенде тың­да­сам-ақ, жаным рақатқа бөленеді.

Керімхан ЖАНДОСБЕКОВ, құрылысшы:
– «Абай жолын» оқуға мектепте мой­ным жар бермейтін. Қазір күн­көрістің қамында жүріп ондай үлкен кітап түгіл, балаларымның дәптеріне қарауға уақыт таппаймын. Өйткені дәл қазіргі уақытта мен үшін қымбаты бес балам­ның оқу жылына ойдағыдай баруы үшін киім-кешек, керек-жара­ғына жететін ақша табу болып тұр. Рен­жіме, айналайын.

Сейітжан ОСПАНОВ, «Достық» білім беру орталығының дирек­торы:
– Мен, негізі, оңтүстіктің тумас­ы­мын. «Абай жолын» мектепте оқыдым. Ал биыл мамыр айында Шыңғыстауға, Жидебайға барып келген соң қайтадан қолыма алдым. Бұрынғыдан бүгінгі оқы­ғаным екі бөлек күйге бөледі. Қазір тура Абай заманында бірге жүргендей күйдемін десем, өтірік айтқаным емес. Демек, адам рухани тұрғыдан қарайып қалмас үшін «Абай жолы» эпопеясын қай­талап оқып отыруы керек деп ойлай­мын.

Сауалнаманы жүргізген: Сәтжан ҚАСЫМЖАНҰЛЫ, Семей қаласы

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста