«Аспанға қараймын» атты хит әннің орындаушысы Абай Бегей қажылыққа аттанды. Осы орайда біз нақтырақ білу үшін әншінің жақын досы Нұрлан Еспанов пен директоры Заир Бегалыға хабарласып, нақтырақ білдік.
«Абай досымыз бүгін қасиетті Меккеге кіші қажылыққа аттанды. Соңғы кездері осы қажыллыққа баруды ниет етіп жүрген. Сонымен қатар, өзі көптен күткен иман жолындағы қариялармен бірге кетті. Абай өзі бұрыннан намаз оқитын иманды жігіт. Биыл да парызын орындап ораза ұстады. Осыдан екі күн бұрын өзіміздің жақын араласатын достарымыздың басын қосып бәрімізге ауызашар берді. Оның алдында да Ақтауға кететін кезінде сәресін берген болатын. Достарымызбен жиналып отырғанда да өзін сабырлы ұстайды және тек ғибратты әңгімелер айтады. Досымның ниеті қабыл болсын» — деді Нұрлан мырза.
Ал директоры Заир Бегалы » Абай Меккеге барып, парызын өтеуді бұрыннан армандап жүрген. Міне, сол арманына қол жеткізіп, бүгін қажыллыққа аттанды. Жанында туысқандары мен шоу- бизнес өкілдерінен ешкім жоқ. Ниеті қабыл болсын » — деді.
Біз де Абай мырзаның ниеті қабыл болсын дейміз.
baistars.kz