370 өлеңді жатқа біледі

Абайдың кіндік қаны тамған өлкенің ұл-қыздары жасынан өлең-сөзге құмар болып келеді. Бірі жас жүрегінен өлең ұшырып, ақындыққа жақын боп жүрсе, енді біреулері Абай, Шәкәрім өлеңдерін жаттауға әуес. «Кім, қанша өлең жаттады?» деп бір-бірімен жарысып, бір-бірін қамшылап жүреді. Сондай зерек жастың бірі – Ырза Қайнарқызы. ІХ республикалық Абай, Шәкәрім оқуларының бас жүлдегері Ырза бүгінде Абай атасының 200, Шәкәрім қажының 170 өлеңін жатқа біледі.
Осыдан үш жыл бұрын оқу бағ­дар­ламасына енген «абайтану» атты қосымша сабақта оқушылар абайдың өскен ортасы, шығармашылығымен тереңірек таныса бастады. Абай ауданы, Би ата ауылындағы Шәкәрім орта мектебінде 8-сыныпта ғана оқитын қаршадай Ырзаның өлең жаттауға деген махаббаты осы пән арқылы туған. «Абай елінде туған соң, Абай атамның өлеңдерін білмеуге хақым жоқ. Ғылым-білімге шақырған ақын өлеңдері мені де жатпай-тұрмай, талмай талаптануға итермеледі. Ал Шәкәрім атамыздың өлең­дері анағұрлым күрделірек. Қиын деп жат­тамай қоюға да болмас, фило­софиялық ой-толғамдары адамды есейтіп, ақыл-ойын кеңейтетініне көзім жетті», – дейді Ырза қыз. 370 өлеңмен шектелмей, көкірегін Абай, Шәкәрім өлеңдерімен толтыра беру – зерек оқушының басты мақсаты.

Ырзаның жүлделі бәйгесінен кейін мектеп оқу­шылары жаппай абайтану пәніне ден қоя бастапты. «Ырзаның сыныптас құрбылары Мөлдір Жұматаева мен Айдана Сейітқазина екеуінің бірі 250 өлең білсе, енді бірі 400-ге жуықтап қалыпты. Ал 4-5-сыныптағы оқушыларым 130-150 өлеңнен жатқа айтады», – дейді өлең жаттауға баулып жүрген ұстазы Тізгінбаева Райгүл Кенжеханқызы. «Ақырын жүріп, анық бас, еңбегің кетпес далаға» деп хакім Абай айтқандай, ұстаздың еңбегі еш кеткен жоқ. 2-3-сынып оқушыларына арналған шәкәрімтану бағдарламасы Өскеменде бекіген екен. Ырзадай алғыр оқушыны тәрбиелегені үшін ауыл мектебі Райгүл Кенжеханқызын 14-дәрежелі білік­тілікке ұсынып жатқан көрінеді.
Абайдың «Ескендір», Шәкәрімнің «Еңлік-Кебек» дастандарымен қоса талай өлеңді жатқа білетін Ырза өлең жат­тай бастаған уақыттан бері есте сақтау қабі­летінің де арта түскендігін айтты. Әуел­ден оқуда озат қыз есеп-қисапқа бұрынғыдан да жүйрік, оқуға деген ынтасы бастапқыдан да басым. «Жасында білім барын ескеріп, қолын кеш сермедім» деп өкінбейтін, рухы биік қазақ жастары осылай шықса керек!..

Бір дерек
Республикалық Абай-Шәкәрім оқуларына биыл – 10 жыл. Жыл сайын күзде Жидебайдағы Абай-Шәкәрім кесенесіндегі амфитеатрда өтетін байқау үш бөлімнен тұрады:
1. Абай, Шәкәрім өлеңдерін жатқа оқушылар сайысы;
2. Абай, Шәкәрімнің ән-күйін орындаушылар бай­қауы;

3. Өз шығармашылығы бойынша сынға қатысушылар.
І республикалық Абай, Шәкәрім оқу­ларының алғашқы жеңімпазы – белгілі айтыскер ақын Рүстем Қайыртайұлы. Ол кезде Рүстем Абай мен Шәкәрімнен 300 өлең жатқа білетін.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста