2333-мешіт Мақтааралда ашылды

Құрбан айтпен қарайлас Мақтаарал ауданының Ақниет ауылында жаңа мешіт ашылды. Бұл ибадат мекені еліміздегі 2333-мешіт болып табылады. Оның ашылу рәсіміне қатысқан Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти, шейх Әбсаттар қажы Дербісәлі мешіттің Құрбан айт кезінде және Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында ашылғандығына баса мән берді. Бас мүфтидің айтуынша, Тәуелсіздікке дейін қазақ елінде 68-ақ мешіт болған екен. «Оның өзінде мұнарасы болғанымен күмбезі жоқ, күмбезі болғанымен, мұнарасы жоқ мешіттер еді. Міне, бүгін Меңлібай бауырымыз салдырған мына ибадат үйін қоса есептегенде, 2333-мешіттің ашылуына жиналып отырмыз», – деп атап көрсетті Әбсаттар қажы.

Бас мүфтидің Меңлібай деп отырғаны – осы мешіттің салынуына ұйытқы болған техника ғылымының докторы, Қ.Сәтбаев атындағы Қазақ техникалық университетінің профессоры, академик, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, суландыру саласында бірнеше жаңалық ашқан Меңлібай Мырзахметов. Ғалым-ұстаз өз туған ауылына осындай мешіт салуды ұйғарып, құрылыстың негізгі қаржысын өз мойнына алған екен.

Аталған мешіттің ашылу рәсімінде елдегі балабақшалар мен мешіттер санының әлі де болса аздығына тоқталып өткен Бас мүфти Оңтүстік Қазақстан облысында 200 қаралы ауылда әлі күнге ибадат үйінің жоқ екендігін айта келіп, болашақта ел ағаларының арқасында оның да орны толатындығына сенім білдірді. Шынында да, 300 мыңдай тұрғынға мекен болған, бұрынғы үш ауданды біріктірген Мақтаарал ауданындағы мешіттер саны бар болғаны 44-тен аспайды. Аудан әкімі Қасымбек Хаметовтің айтуынша, мешіттерге қоса, ауданда үш намазхана жұмыс істейді екен. Басқасын былай қойғанда, халқының барлығы дерлік мұсылман болып келетін облыстағы ең үлкен аудан Мақтаарал үшін бұл сөзсіз аздық етеді.

Қазақ жеріндегі 2333-мешітке осы өлкеде өмір сүрген, белгілі ел ағасы Сақы (Сәдуақас) Мамашәріпұлының аты беріліп отыр. Осынау ибадат үйінің құрылысын жүргізген Темірхан Молданиязовтың айтуынша, мешіт бас-аяғы алты айда салынып біткен екен.

Мақталы аймақтан бір мәлімет
Мақтаарал ауданында 176 елді мекен бір қалалық, үш кенттік және 21 ауылдық округке біріктірілген. Аудандағы барлық мешіттер мен намазханалар саны – 47.

Әбсаттар қажы ДЕРБІСӘЛІ, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти:
– Елімізде 25 ұлттан тұратын мұсылман жамағаты ғұмыр кешеді. Қазақстанның тірегі – тек ислам. Басқа аннан-мұннан қашқан дінсімақтар елімізге тірек бола алмайды. Ал Ақниет ауылында ашылған Сақы ата мешіті осынау сауапты іс – ел қорғаны, ел руханиятының қалқаны болуға лайықты қызмет жасайды деп үміттенеміз.

Меңлібай МЫРЗАХМЕТОВ, техника ғылымының докторы, профессор, академик:
– Аллаға шүкіршілігімді білдірейін деп өзім туып-өскен ауылға осы мешітті салдыруға ниет еттім. Кезінде Сақы атамыз – Сәдуақас Мамашәріпұлы кезінде берісі Өзбекстан, Тәжікстан, арысы Ауғанстан, Иранға босып кеткен 200 қаралы туысқанын қайтарып, осы ауылға ұйыстырып, ел етіп кеткен еді. Сондықтан мешітке сол кісінің атын беріп отырмыз. Сақы атамыздың Қожа Ахмет Йассауи бабамыздың хикметтері мен Абай атамыздың өлеңдерін жатқа оқығанын өз көзімізбен көрген едік. Еңбегіне қарай Еңбек Қызыл Ту орденімен марапатталған ол кісі өмірінде қасиетті Құранды 3000 рет оқыған екен. Мыңыншы, екі мыңыншы және үш мыңыншы рет оқығанда үш рет үлкен той жасаған екен. Ғұмырының соңында Сақы атамыз жыл он екі ай ораза тұтып өтті.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста