Қазақ тілінің тыныс белгілері

  • 76

Сабақтың тақырыбы: Қазақ тілінің тыныс белгілері
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Қазақ тілінің тыныс белгілері заңдылықтарын толық меңгертіп,қойылатын орындарына назар аударту; сауаттылыққа үйрету; қызметтеріне жаттықтыру жұмыстарын жүргізу;
Дамытушылық: Оқушылардың есте сақтау, ойлау, еркін сөйлеу қабілеттерін дамытып, тіл мәдениеті жолдары арқылы шешендіктерін қалыптастыру; ұлттық құндылықтарға көңіл аударту;
Тәрбиелік: Білімділікті көздей отырып, тіл арқылы жан-жақтылыққа, өнерге, өз әдеби мұрасын тануға, дәстүрін сыйлауға, сыни көзқарасты болуға шақыру;
Сабақтың түрі: жарыс сабақ
Сабақтың көрнекілігі: слайдтар, «Жеті қазына» кітабы, музыкалық аспаптар
Әдіс-тәсілдері: СТО әдістері,топтық тапсырмалар, сұрақ-жауаптар, талдау.
Сабақтың типі: білік пен дағдыны қалыптастыру

 

Сабақтың барысы: а) Топтарды таныстыру
1-топ: «Мұра» Ұраны: «Түріктің тұнық таза тілі, түзу емлесі – қазақ тілінде.» (А. Байтұрсынов)
2-топ: «Мәдениет» Ұраны: «Бар жақсылықтың басы –тіл.» (М.Қашқари)
3-топ: «Руханият» Ұраны: «Қазақ тілі –біздің рухани тіліміз.» (Н.Назарбаев)
4-топ: «Таным» Ұраны: «Ақыл қайда болса, ұлылық толады,
Білім кімде болса, сол білікті болады.» (Ж.Баласағұн)
ә) Жарысты бастау
Жарыс бөлімдері:
1. «Тыныс белгілері сыры»
2. «Тыныс белгілері және дәстүр»
3. «Тыныс белгілері мен тілектер»
4. «Тыныс белгілері және өнер»

І. «Тыныс белгілер сыры»

«Түріктің тұнық таза тілі, түзу емлесі – қазақ тілінде.»  (А. Байтұрсынов)
«Ол» әдісі арқылы ережелер 2 минутта айтылады.
1-топ: Тіл мәдениеті және пунктуация
2-топ: Сөйлем соңына қойылатын тыныс белгілері
3-топ: Сөйлем соңына қабаттаса қойылатын тыныс белгілері
4-топ: Сөйлем ішіне қойылатын тыныс белгілері
ІІ. «Тыныс белгілері және дәстүр»
«Бар жақсылықтың басы –тіл.» (М.Қашқари)
1.Тыныс белгілерді түсіндіру
а) Салт-дәстүрлер
Сөйлемдерге капитандар тақтада синтаксистік талдау жасап, тыныс белгілерді түсіндіреді.
ә) Діни наным-сенімдер
Тыныс белгілері сөйлеммен сәйкестігін топтың мүшелері дәлелдейді.1,2-топтарға бірдей, 3. 4-топтарға бірдей тапсырмалар беріледі.
Дамытушы жаттығулар

І, ІІ топтарға арналған сөйлемдер:

ІІІ, ІV топтар арналған сөйлемдер

Капитандарға тапсырмалар:

1. Ұлық Алла миғражда пайғамбарға: – Үмбетіңе сәлемді парыз етемін: кім көп сәлем берсе, менің нұрым мен рақметіме бөленеді, – дейді.
2. Қазақ халқы қонақ келгенде жас балаға құман мен сүлгі беріп: «Үлкен кісілердің батасын ал! – деп су құйғызады.
3. Ат қойған кезде де жақсы, рухани мәнді атты таңдап қою керек : баланың есімі өміріне әсер етеді екен.
4. Ата-анасы жаңа туған нәрестені қырық күн тұзды суға шомылдырады:бала тез ширап, қиындыққа мойымайтын болады деп сенеді.

2. Тыныс белгілерді қолдану
а) Бата-тілектер
Леп белгісін суырған топтар 2 минутта жатқа айтады.
ә) Ырым-тыйымдар
Нүкте суырған топтар 2 минутта жатқа айтады.
ІІІ. «Тыныс белгілері мен тілектер»
«Үтірмен сені бітірдім,
Бітірмей, жырым, нүктемен.
Бергі жағында үтірдің
Өлең – өмір тұр бітпеген»  (Т. Досымов)

«Т-сызбасы» бойынша 2 минутта тілектер жазу. Төрт түсті стикерлермен жапсыру. Көк – І топ, сары – ІІ топ, қызыл – ІІІ топ, жасыл – ІV топ.

ІV. «Тыныс белгілері және өнер» 

«Қазақ тілі –біздің рухани тіліміз.»  (Н.Назарбаев)
1. Көріністер (А.Қонақбаева интермедиялары)
2. Қаратпа өлеңдер (М.Мақатаев өлеңдері)
3. Сұраулы әндер (еркін)
Бекіту: «Ақыл қайда болса, ұлылық толады,
Білім кімде болса, сол білікті болады.»
«Ұрпақтан-ұрпаққа, әкеден-балаға не қалып жатқанын дәл білсек, оныншы емес, жүзінші ұрпаққа да не қалатынын білу қиын емес.» (Конфуций)
Үйге тапсырма: Тыныс белгілері мен даналықтар.
Бағалау: Ұпайлар саны арқылы топ белсенділігі, білімділігіне қойылады.

Нұргүл НӨКЕН,

Қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі,  
Cыныбы: 9 «ә», №40 орта мектеп.

Ақтөбе қаласы

Автор
Последние статьи автора
  • 337
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
  • 484
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста