Геннадий Головкин өзіне кімнің шабыт беретінін айтты

Геннадий Головкин өзіне кімнің шабыт беретінін айтты

Геннадий Головкин Американың FightHub TV интернет-арнасына берген сұхбатында өзіне ұлының шабыт беретінін айтты.

Сонымен қатар, боксшы тілшінің "Ұлың сенің кәсіби боксшы екеніңді біледі, ол бұл ісіңді құптай ма?" деген сұрағына ұлының көмектесетінін айтты. "Менің боксшы екенімді түсінеді. Ол маған көмектеседі. Сәттілік тілеп, қолғабымды, спорт киімімді алып береді. Кейде жекпе-жектен кейін аралға барып демалуды сұрайды, ол жүзгенді, балық аулауды жақсы көреді. Ол - менің басты шабытым", - деді боксшы.

Қазақстандық боксшы ағылшын былғары қолғап шебері Мартин Мюрреймен кездесуі жайлы пікір білдірді. Боксшының айтуынша, қарсыласы - тәжірибелі. "Мұның чемпиондық атаққа таласатын соңғы мүмкіндігі екенін түсінетін шығар. Менде үш белбеу бар. Ол соларды алғысы келеді. Оның мотивациясы маған қарағанда көбірек шығар. Бір ғана сөз айта аламын - ол аш", - деді Головкин. Сонымен бірге, Мюррейдің жылдамдығы "жаман емес" екенін атап өтті. Сұхбаттың орыс тіліндегі жазбаша нұсқасын мына жерден оқи аласыздар.

Еске сала кетейік, Головкин мен Мюррей арасындағы жекпе-жек 21 ақпан күні Монакода Salle des Etoiles алаңында өтеді. Бұл жекпе-жек екі боксшы үшін де кәсіби шаршы алаңдағы 32-кездесу болады. Жұдырықтасуды HBO телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді.

Тengrinews.kz

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста