Жүз жасаған жауынгер

Жүз жасаған жауынгер

Ардагер Күрішбек Көжекбаев 1945 жылы екінші Беларусь май­данының құрамында Варшава қаласын, Терн, Вондрож, Гуанск т.б. қалаларды жаудан азат ету­ге қатысып, соғысты Берлин асып, Эльба өзенінің бойында жеңіспен аяқтады. Соғыс біткен­нен кейін маршал Г.К.Жуковтың қол астында Тарту дивизиясын­да аға байланысшы, партия ұйы­мының хатшысы болған­дық­­тан, елге тек 1946 жылы оралады. Содан бастап ол бар күш-жігерін, жауынгерлік рухын түрлі партиялық қызметтерге, ұрпақ тәрбиесі мен олардың білімін шыңдауға  жұмсады.
Осы салаға саналы ғұмырының 45 жы­лын арнады.
Күрішбек ата 1912 жылы мамыр айын­да Жетісу губерниясы Жаркент уезі, қа­зіргі Ұйғыр ауданында дүниеге келген. Сол өңірдегі Тоғызбұлақ жеті жылдық мек­тебін 1930 жылы бітіргеннен кейін, Ал­ма­тыдағы алты айлық мұғалімдер даяр­лай­тын курсты аяқтап, туған ауылында сауат ашу мектебінде еңбек жолын бастайды.
1931-33 жылдары іргедегі Кеген ау­да­ны Шибұт ауылында, 1933-34 жылдары Ұй­ғыр ауданы Сүмбе мектебінде, 1934-37 жылдары Кеген ауданы Құмтекей мек­тебінде меңгеруші болып қызмет істейді. 1938-41 жылы Кеген ауданы То­ғыз­бұлақ мектебінің меңгерушісі және пар­тия ұйы­мының  хатшысы қызметтерін ат­қарған.
1941 жылдың желтоқсанында әскер қа­тарына шақырылып, Алматы қаласында жа­сақталған №100 атқыштар бри­га­да­сы­ның барлау ротасында қызмет атқарып, ал­ты айлық дайындықтан өткеннен кейін май­данға аттанады. Соғысқа Мәскеу тү­бі­нен қатысып, Калинин майданының қара­уын­да – Молодой Путь қыстағынан Ка­ли­нин облысын толықтай, үшінші Армияның қа­рамағындағы атқыштар бригадасында Ка­линин, Великие Луки, Невель мен Но­во­сокольников қалаларын жаудан бо­са­тады. 1944 жылы Брест қаласын азат етуге қа­тысады. Осы ерлігі ескеріліп, «Брест қа­ласын азат еткені үшін» медалімен, үшінші дә­­режелі «Даңқ» орденімен ма­ра­пат­та­ла­ды.

P.S. Кеше кешке газетіміздің беті қатталып жатқанда Алматы облысы Ұйғыр ауданы Сүмбе ауылында тұратын 100 жастағы Ұлы Отан соғысының ардагері Күрішбек Көжекбайұлына жеңіл автокөліктің кілті және арғымақ сыйға тартылды деп облыстық әкімшіліктен хабарлады. Сондай-ақ соғысқа атақты ақын Жамбыл Жабаевтан бата алып аттанған қарт майдангерге ҚР Премьер-министрі Кәрім Мәсімовтің құттықтау хаты жолданып, «ҚР Қарулы Күштеріне – 20 жыл» медалі мен «Алматы облысының Құрметті азаматы» атағы тапсырылды. Ардагерлерге көрсетілер құрметтің үлгісі осындай болса керек.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста