Сұрапыл соғыс кезіндегі сұсты спорт

  • 25

Ұлы Отан соғысы жылдары халықаралық додалар өтпей, спорт саласы солғын тартып қалғанымен, спортқа тыйым салынбаған. Бірақ басқын­шылар басып алған елдерде спортпен айналысуға, спорттық жарыстар (сайыстар) өткізуге жол берілмеген.
Десек те, спорт өмірден шеттетілгенімен, бұ­рынғы спортшылар өздерінің спорттық бап­тарын жоғалтпас үшін жаттығу жұмыс­та­рын жасырын түрде жүргізе берген. Жал­пы, сұрапыл соғыс жылдары бокс жай ға­на спорт емес, бизнес көзіне де айналған. Өйт­кені көйлегі көк, қарны тоқ коман­дир­лерге де қызық керек. Олар рингіде ай­қас­қан боксшылардың төбелесін көріп, қы­зық­қа батқан. Ал мұндай айқас­тардың бә­рі коммерциялық негізде ұйым­дас­ты­рылған. Соғыс жылдары осындай бок­шы­лар айқасы Украинада жиі өт­кі­зіл­ген. Одес­са циркінде боксшылар төбелесі жиі ұйым­дастырылып, көрер­мендер көп бол­ған. Сол кезде тіпті «Одесса газеті» бокс­тың қар­қынды түрде дамып келе жатқанын жаз­ған да екен. Тарихи деректерге сүйен­сек, Румыния жетекшілері бокс арқылы көп ақша табуға болатын­дығын біліп, бір­неше команда да құрған. Осындай клуб­тар­дың қатарына соққылары қуатты бокс­шылар алынып, оларға жан-жақты жағдай жасалған көрінеді. Оларға тіпті сол кездегі бағаммен көп-көрім ақша төленіп отырған да.
Сол кезден қалған деректерге сүйенсек, соғыс кезіндегі ең бірінші халықаралық жекпе-жек 1943 жылы 9 желтоқсан күні Одес­­сада өтіпті. Содан 1944 жылдың көктеміне дейін мұндай жекпе-жектердің саны 16-ға жеткен. Онда негізінен Украина боксшылары мен басқыншылардың өкілдері төбелестірілген. Бұл жекпе-жектер көбінесе Украина боксшыларының же­ңі­сімен аяқталып отырған. Өйткені олар ринг­іде спорттық қарсыласымен емес, ата жа­уымен төбелескендей, аянбай ай­қасқан.
Бокс концлагерьлерде де жоғары шенді офицерлердің қызығына айналған. Олар тұтқындарды рингіде айқастырып, со­лардың төбелестерін тамашалаған. Поль­ша боксшысы Зигмунт Малецкий өзінің ес­теліктерінде: «Біз рингте аяусыз, күшіміз сар­қылғанша төбелесетінбіз. Не­міс­тер қа­лай болса солай төбелесуге жол бермейтін. Дұ­рыстап төбелеспегендерді итке талат­қан­дарын өз көзіммен көрдім. Ал рингіге шығудан бас тартқандар газды камераға қа­малатын», – деп жазыпты. Оның бұл сөз­дерін ғаламтордан тауып алуға болады.
Алайда сол кезде концлагерьлерде бұ­қа­ралық өмірдің нышаны ретінде спорт­тық додалар өткізіп тұруға рұқсат етілген де екен. Тіпті кейбір концлагерьлер Қызыл Крест өкілдері келгенде бокстан көрсеті­лім­дік жекпе-жек өткізіп, өздерінде бәрі ой­дағыдай деп насихаттауға тырысқан да көрінеді.
Тұтқындардың өздері, ыңғайы келсе, бокс пен күрестен кездесулер өткізіп, фут­бол ойнауды доғармаған. Фут­бол­шы­ларға қо­лы ұзын, мүмкіндіктері бар тұт­қын­дар­дың тамақ беріп, қарайласқаны жөнін­де де әртүрлі деректер баршылық.
Футбол демекші, соғыс кезіндегі фут­бол туралы сөз қозғағанда, 1942 жылғы «Өлім матчын» айтпай кету мүмкін емес. Киев­тегі нан пісіретін зауытта  «Старт» де­ген команда құрылады. Оның сапында Киев­тің «Дина­мосының» бірнеше ойын­­шысы болған. Осы команда қар­сы­ластарының бәрін қо­ғадай жапыра бас­тайды. Венгрия мен Гер­ма­нияның әртүрлі әскери бөлімдерінің командаларын ірі есеп­пен ұтып, қарсылас шақ келтірмейді. 1942 жылы 6 тамыз күні осы ұжым мен не­міс­тің әуе әскерінің сар­дар­лары мен сар­баздарынан құрылған ко­ман­да­сы кез­де­седі. Украина футбол­шылары 5:1 есе­бімен ойсырата ұтады. Үш күннен кейін не­містер құрамын кәсіби футболшылармен кү­шейтіп, қарымта матч өткізуге ша­қы­ра­ды.
Немістер бұл ойынды «Динамо» (Киев) мен «Люфтваффе» арасындағы матч деп атағанымен, жасыл алаңда «Старт» пен «Флакельф» кездескен. Бірақ «Старттың» сапында «Динамо» (Киев) клубының алты-жеті ойыншысы болған. Олардың үшеуі КСРО чемпионатында динамолық­тардың негізгі құрамында ойнап жүрген өте тәжірибелі футболшылар болатын.
Қарымта матчта да Украина футбол­шылары қарсыластарын тықсыра бастай­ды. Стадионда отырған Германия әскерінің генералы (мүмкін генералдары) ашуға булығып, айқайға басады. Бірінші таймнан кейін немістер Украина футболшыларына «жеңіліңдер, әйтпесе өлесіңдер» деп мәселені төтесінен қояды. Бірақ Киев футболшылары олардан қаймықпай, 5:3 есебімен жеңіп тынады.
Бала кезімізде «осы матчтан соң, не­містер 11 ойыншыны атып тастапты» деп еститінбіз. Бірақ басқыншылар олар­дың бәрін атып тастамаған. Көбін кон­цла­герьге айдап, қайсыбіреулерін атып тас­таған сияқты.
Жалпы, осы матч аяқталғаннан кейінгі тұжырымдар әртүрлі. Анық білмеген соң, олардың ешқайсысын тізіп шыққымыз келмейді.
Бір қызығы, осы матчтардың бәрінде Эрвин деген обер-лейтенант төреші бол­ған. Әрі «ол футболдың шырқын бұз­бай, әділ қазы болған» деп жазылған көп жер­де.
Міне, сұрапыл соғыс кезінде де спорт өмірден із-түзсіз жоғалып кетпеген...

Автор
Последние статьи автора
  • 334
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
  • 481
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста