Сарбаздың сүйегін Семейге әкелді

Сарбаздың сүйегін Семейге әкелді

Семейдегі өлкетану мұражайына құнды жәдігерлер тапсырылды. 67 жыл бойы қазақ солдаты Түсіпжан Төлеубаевтың сүйегімен Ресейдің Орел қаласының маңындағы ұрыс даласында жатқан каска, сапер күрегі, белдік, медальон сияқты заттар енді Тәуелсіз қазақ жерінің жас ұрпағын ерлік пен елдікке шақыратын болады.

Осыдан екі жыл бұрын, Жеңіс мейра­мы­ның 65 жылдығы дүрілдеп өткен шақта Тө­леубаевтар отбасына Ресейден хабар жет­ті. 1942 жылы майданға аттанып, кейін ха­барсыз кеткендер тізімінде болған ата­лары жайында дерек пайда болғанын ести сала немерелері алып-ұшып сол жаққа аттанды. Өйтпегенде ше, Орел қаласын жау­дан азат ету барысында қаза тапқан қа­зақ батырының ұлы Бейсенбек пен қызы Май­ра әкелерін іздеп талай жерге хат жаз­ғанмен, сол күйі еш дерек ала алмай дү­ниеден өтіпті. Енді әке арманы мен ата мұ­ратын арқалау немересі Ерболатқа жүк­телгендей болды. Ресейдің Орел об­лысы Кромской ауданының әкімшілігі рес­ми митингі жасап, қазақ батырын еске алу шарасын өткізді. Іздеу тобының мүшелері қа­ладан 40 шақырымда жатқан алқапты шарлап жүріп, жерге сұққан құралдарының те­мірге тақ ете қалғанын айтыпты. Екі метр­дей тереңдікті қазу барысында белгісіз жауынгердің сүйегі, соғыс құралдары қоса шығады. Әрбір солдаттың гимнастер­ка­сында жүретін медальонды ашып оқығанда аты-жөні, туған жылы, туған жері – бәрі ап-анық қаламмен толтырылғанын көреді. Иә, бұл Түсіпжан Төлеубаев еді. Баба­ла­ры­ның сүйегін туған елге, Семей қаласының іргесіндегі Бөкенші ауылына әкеліп арулап қояды... Туған ағасы туралы «Ол кісі тумы­сынан ақкөңіл, елгезек адам еді. Арнайы оқымаса да, тоқығаны көп еді. Сондықтан болар, көрші колхоздар есеп жасайтын кезде Түсіпжанды іздеп жүріп алып кетеді екен. Өзі ақынжанды, майданнан жазған хаттары да шумақтармен жолданатын», – деп еске алады Күлпаш апа.

«Қимастық бар, көз ғой, дегенмен өміріміздің көбінен азы қалды, темірді үйге сақтап қойғаннан халық көрсін, жас­тарға өнеге болсын деп музейге беріп отыр­мыз. Қазақстан халқына аманшылық тілеймін, дендеріне саулық, тек қана жақ­сылық, ана мен бала ешуақытта жыла­ма­сын! Отанымыз аман болсын!», – деп аяқ­тады әңгімесін көңілі толқулы Күлпаш Тө­леубайқызы.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста