«Бір халық – бір ел – бір тағдыр» идеясын қалай түсінесіз?

  • 80
Нұрғиса ЕЛЕУБЕКОВ (фото)

Зухра САЯПОВА, Мәжіліс депутаты:
– Жақында Қа­зақ­стан ха­лқы Ас­самблеясының ХХ се­ссиясы «Бір ха­лық – бір ел – бір тағ­дыр» атауымен өт­ті. Түсіне білген адам­ға бұл сөздің мағы­насы үлкен. Елі­мізде тұратын 130-дан астам ұлт пен ұлыстың өкілі 20 жыл­дың ішінде достығы мен туыстығы жа­расып, біртұтас ел­ге, бір тағдырлы халыққа айналды. «Бір ха­лық – бір ел – бір тағ­дыр» идеясының басты айтары – осы. Қазір еліміздегі барша ха­лық бір ауаны жұтып, Қазақстанның кең-бай­тақ же­рінде тату-тәтті тұрып жатыр. Елі­міздегі өзге ұлт өкілдерінің арасында қа­­зақ тілін меңгеріп, қазақтың салт-дәс­­түрін ұстанатыны баршылық. Мұ­н­ың бар­лығы қазақ халқының өзге ұлтты сырт­қа теппей, керісінше» бауы­ры­на басып, өзін­дей көре білгенінің ар­қасы болса ке­рек. Сондықтан біз қазір «бір жағадан бас, бір жеңнен қол шы­ға­рып», бір тағдырлы ел­ге айналып отыр­мыз. Қазір еліміздегі өз­ге ұлт өкілдері басқа елге кетіп, өздерін қа­зақ елінен бөліп қарау жайлы ойламайды да. Бұл – олардың бір елге айнал­ға­нының бел­гісі. Сон­дық­тан «бір халық – бір ел – бір тағ­­дыр» идеясы елімізде қалыптасқан осы бір татулықтың нағыз сипаттамасы деп бі­ле­мін.

Шахисмаил АСИЕВ, «Ахыска» түрік мәдени орталығы төрағасының орынбасары:
– Жиырма жыл­дан бері Қазақ­стан­дағы 130-дан ас­там ұлт­тың өкілі бір шаңырақтың ас­тын­да біртұтас елге айналып, тату-тәтті өмір сүріп келеді. «Кемедегінің жаны бір» де­гендей, бү­гінде қазақ халқының басына туған күн бізге де ортақ деп білемін. Сон­дық­тан біз бір тағдырлы елміз деп те айта ала­мын. Шынын айту керек, осы жылдар ішін­де Қа­зақстан өзін басқа елдерге эко­но­микалық тұрғыдан қар­қынды да­мып келе жатқан, халқының ауызбірлігі мық­ты ел ретінде көрсете білді. Біздің кешегі көрген күніміз бір болды, ен­ді алдағы уа­қытта да бір тағдырлы елміз. Қазақстандағы өзге ұлт өкілдері өздерін қазақ елінен бөліп қа­рай алмайды. Басқа елге кету олардың ойында да жоқ. Сондықтан «Бір ха­л­ық – бір ел – бір тағдыр» идея­­сы еліміздегі бар­лық ұлт өкіл­де­рінің болашағы бір еке­нін көрсе­тетін, бірлікке үн­дейтін идея деп ой­лай­мын. 

Видади САЛАХОВ, Әзірбайжан мәдени орталығының төрағасы:
– «Бір халық – бір ел – бір тағдыр» идея­сы елі­міздегі ұлттар мен ұлыс­та­р­дың ертеңгі бо­ла­ша­ғын бір болуға үн­дей­тін, бірлікке ша­қыратын ұран деп бі­лемін. Біз бір елде тұрып, бір ауаны жұ­тып, бір шаңырақтың ас­тында өмір сүрген соң бұлай болмасқа хақымыз да жоқ. Сондықтан келе­шек­те хал­қы­мыздың ауыз­бірлігі артып, болашағы жарқын, іргелі ел­ге ай­налуын тілеймін. Шын мәнінде, қазақ хал­қының құшағы кең, ниеті түзу. Сон­дық­тан кез келген ұлттың баласы қа­заққа өз ба­­ла­сындай сіңіп кете береді. Алдағы уа­қытта да еліміздің осы татулығына көз тимесе екен деймін.

Автор
Последние статьи автора
  • 332
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
  • 473
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста