Ұлттық университетте инновациялық зертхана ашылады

Ұлттық университетте инновациялық зертхана ашылады

Таяуда Астанада  еліміздегі ең ірі бизнес-көрме «Қазақстандағы SAP» өтті. Осы көрмеде университеттік Альянс әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті мен SAP компаниясы арасында меморандумға қол қойылды.

ҚазҰУ базасында еліміздегі кәсіпкерлік және экономикалық мәселелерді шешуге арналған «SAP Next Gen Labs» инновациялық зертханасы ашылатын болады. Бұл зертхана жаңа IT-технология саласында оқытушылар мен студенттерді оқытып қабілеттерін дамытуға мүмкіндік береді.

«SAP» академиялық бағдарламасына әлемнің 112 елінен 3,7 мыңнан астам оқу орны қатысады. «SAP» бағдарламалық жасақтамасы экономика және бизнесті цифрлық трансформациялау технологиялары, соның ішінде интернетке арналған шешімдер, үлкен деректер базасы, блоктау, сараптама, робототехника, машина жасау бағыттарын студенттер мен оқытушыларға таныстырады.

Болатжан Құмалақов,әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың «Жасанды интеллект және Big Data» кафедрасының меңгерушісі:

–Мемлекет басшысы білім беруді жаңа индустрияландыру қажеттілігіне бейімдеу және инновациялық шешімдер әзірлеушілердің өз экожүйесін дамыту міндетін алдымызға қойды. Бірінші кезеңде SAP ұсынатын оқу материалдары оқу бағдарламаларына біріктіріледі. Бұл қызметкерлерге SAP шешімдерін білетін әзірлеушілер мен сарапшылардың дағдыларына ие болған компанияда жұмыс істеу кезінде студенттер бәсекелестік артықшылықтарға ие болады. Екінші кезеңде жаңа оқу жылында «SAP Next-Gen Labs» зертханасында нақты бизнес-тапсырмаларды іске асыру үшін хаб құрылады, – деді SAP-пен өзара әрекеттестік бағдарламаларының жетекшісі, 

«SAP Next-Gen Labs» инновациялық зертханасы әлемнің ірі ЖОО-да студенттерге «SAP» әріптестері мен клиенттерінің нақты бизнес-міндеттемелерін шешу жолын табуға көмектеседі. Бұл жобалық құрылым студенттердің кәсіпкерлік және дизайнерлік дағдыларын дамытуға бағытталған. Инновациялық өнімдер мен шешімдердің прототиптерін әзірлеу арқылы эмоционалды интеллект пен ойлаудың жобалық бағдарлауын үйретеді, ал тапсырыс берушілер қатарына Қазақстандық және басқа да компаниялар кіреді.

«SAP Қазақстан» басқарушы директоры Максим Ламсков «Қазақстандық жетекші жоғарғы оқу орны әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ұлттық рейтингтің көшбасшы болып табылады. Және әлемнің үздік топ-250 ЖОО-на кіреді. Қазақстанның қарыштап өсіп келе жатқан экономикасына кәсіби кадрларды даярлау үшін студенттерді тәжірибиелік біліммен қамтамасыз етуде жаңа технологияларсыз елестету мүмкін емес. Сондықтан да біз жаңа серіктесімізге аталмыш мүмкіндікті қуана-қуана ұсынамыз»,-дейді.

2018 жылы Қазақстанда тұңғыш рет бизнес-ұсыныстарды әзірлеуде «SAP Кодер» байқауы өтеді. Аталмыш байқауда стартап-жобалар, компаниялар, инновациялық және сандық технологиялармен қызығушылар қатыса алады. Бұл сандық технологияны Қазақстанға енізудегі қосымша драйвер болуы тиіс.

Айша Нұржанқызы
Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста