Саясат Нұрбек халық табысын арттыруға арналған білім жобасы туралы айтты

Саясат Нұрбек халық табысын арттыруға арналған білім жобасы туралы айтты

Қазақстан халқының табысын арттырудың 2022-2024 жылдарға арналған «Мамандығым-болашағым» бағдарламасы іске қосылады. Бұл туралы ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек мәлім етті, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасай отырып.

«Қазір халық табысын арттырудың 2022-2024 жылдарға арналған «Мамандығым-болашағым» бағдарламасы бойынша қаржыландыру жұмысы жүріп жатыр. Аталған жобаға қатысатын 20 жоғары оқу орындарының тізімі жуықта хабарланады. Жоба мақсатына сәйкес өңірлік және салалық жоғары оқу орындары сұранысқа ие мамандарды даярлауды өз мойнына алып, жергілікті озық тәжірибе тарату орталықтарына айналуы тиіс», - деді Саясат Нұрбек елордада өтіп жатқан «Адами капитал – жаңа Қазақстан дамуының негізгі ресурсы» атты ғылым және жоғары білім форумында.

Министрдің айтуынша, халық табысын арттыруға арналған «Мамандығым-болашағым» жобасы аясында мынадай жұмыс қолға алынады:

1) Алдағы 5 жылға өңір немесе сала инновациялары мен кадр қажеттілігіне форсайт-зерттеулер және болжам жүргізіледі;

2) Әр өңір мамандықтар бойынша кәсіптер атласын әзірлеп, мамандар даярлайды:

3) Кәсіптер атласына сәйкес жаңа білім беру бағдарламаларын әзірлеу және өзекті ету;

4) Жаңарған білім беру бағдарламалары үшін профессорлық-оқытушылық құрам даярлау.

«Тұтастай алғанда, жоғары оқу орындары сол өңірдегі инновациялық, ғылыми-технологиялық, кадрлық және өндірістік белсенділікті жинақтайтын орынға айналдыру керек. Өзара іс-қимыл үшін стратегиялық тұғырнама болуы тиіс. Осы тұрғыда, бізде ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігімен олардың аймақтық хабтарын өңірлік университеттерді дамыту бағдарламасымен ұштастыру жөнінде алдын ала уағдаластық бар екенін атап өткім келеді», - дейді С. Нұрбек.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста