"Ресейден Қазақстанға батыстың білімін игеру үшін келеді"

"Ресейден Қазақстанға батыстың білімін игеру үшін келеді"

Арманжан Байтасовқа берген сұхбатында ғылым және жоғары білім министрлігі Саясат Нұрбек шетелдік жоғарғы оқу орындарының филиалын Қазақстанда ашудың маңызы туралы айтып берді, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Саясат Нұрбектің айтуынша, Солтүстік Қазақстан облысында Аризона университетінің филиалы ашылған соң білім алу үшін өзге аймақтан көшіп баратындар көбейген. 

"Бұл университеттің ашылғанына 1 жыл да толған жоқ. Бірінші лекте 150 студент іріктелді, қазір 500 адамға рекрутинг жүріп жатыр. Алғаш рет миграция сальдосы теріс СҚО-ға оқу үшін 8 аймақтан адамдар көшіп барған. Олармен жеке кездестім. Тараздан, Шымкенттен, Алматыдан оқу үшін Петропавлға келді. Бірінші рет Ресейге оқуға кететіндер қалада қалды, себебі америкалық дипломды Петропавлдан-ақ алуға болады", – дейді Саясат Нұрбек. 

Министр Аризона университетінің филиалында оқу үшін ресейлік студенттердің келуге ниетті екенін мәлімдеді. 

"Америкалық университеттерде оқуға қабылдау ерте басталады. Қазір Челябинск, Омск, Новосибирск, Екатеринбург қаласынан өтініштер келіп жатыр. Себебі көрші жатқан Қазақстанда оқып америкалық дипломды алуға болады дейді", – деп түсіндірді ол. 

Саясат Нұрбектің сөзінше, алдағы уақытта елімізде бірнеше шетелдік университеттер өз филиалын ашады. 

"Қорқыт атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде Оңтүстік Кореядағы Сеул ұлттық ғылым мен технология университеті ашылады. Ал Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университетінде Гази университетінің филиалы ашылады. Бұл университетті 1923 жылы Ататүрік ашқан, биыл 100 жылдығын тойлағалы отыр. Ал Тараз мемлекеттік университетінде Ташкенттегі танымал ирригация инженерлері мен ауыл шаруашылығы механизациясы университеті өз филиалын ашады", – дейді министр. 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста