Болашақта құлтемірлер еңбек күшіне айналады

Болашақта құлтемірлер еңбек күшіне айналады

Алдағы 15-20 жылда адамдардың жартысынан көбі жұмыссыз қалатын түрі бар. Өйткені жұмысшылардың орнына роботтар қызмет көрсетпек. 2035 жылға қарай кеңсе қызметкерлері мен қызмет көрсету саласының мамандарын роботтар алмастыруы мүмкін дейді мамандар. Бұл туралы «Цифрлық экономика жөніндегі бастамалар» директоры Эндрю Макафи мәлімдеді. Ол «Роботпен алмастырылған адамзат ғаламдық әлеуметтік сын-тегеурін» атты панельдік пікірталаста осындай ақпар келтірді.

Таяуда өткен Астана экономикалық форумында осындай қызықты ақпараттар өте көп айтылды. Сенсеңіз бе, сенбесеңіз де, болашақта роботтар біздің өмірімізге етене араласа бастайды. Қазірдің өзінде дамыған елдерде көптеген зауыт, фабикалар автоматтандырылған. Сондықтан ілілікті сарапшылар жаһандық өсудің ақыры осы ма деген сұрақтың төңірегіндегі толғандырған мәселелерге баса назар аударуда. Бір жағынан, бұл түбегейлі қайта құрылған экономиканың одан әрі өсуі үшін қажет уақытша кедергі ғана. Таяу аралықта роботтар расында да біздің әріптестеріміз болуы мүмкін. Екінші жағынан, жаһандық экономиканың өсуіне кедергі келтіретін бірқатар мәселе бар, олардың ішінде қарыз эпидемиясы мен өсіп келе жатқан әлеуметтік жіктелу де бар.

Айтулы жиында сөз сөйлеген Слоун менеджмент мектебінің тең директоры Эндрю Макафи өзінің зерттеуінен де біренеш мысал келтірді. Мәселен, алдағы 10 жылда Американың еңбек нарығында өзгерістер туралы ақпар берді. Оның сөзіне қарағанда, роботтар техникалық қызметкерді атқарады-мыс. Ендеше спикердің сөзін тыңдап көрелік. Эндрю Макафи, MIT Sloan School of Management, «Цифрлық экономика жөніндегі бастамалар» тең құрылтайшысы және тең директоры: - Жаһандық экономиканың Америкадағы маңыздылығы қандай? Зауыт қызметкерлері қалай жұмысы істейді? АҚШ-тың еңбек нарығында қандай өзгерістер орын алады? Мен осы турасында айтқым келеді. Алдағы 30 жылда тұрмысы орташа отбасылар мүлдем болмайды: бай-бағландар мен төментұрмысты азаматтар арасында әлеуметтік алшақтық пайда болады. Осыған байланысты қоғам жаңа экономикалық тәртіпке бірден үйренісе алмай бір толқуы мүмкін. Сонымен қатар жұмыссыздық деңгейі артады. Мейлі, кеңседе қызмет етіңіз не техникалық мамандық иесі болыңыз, 2035 жылға қарай бірқатар сала автоматтандырылады. Құлтемірлер еңбек күшіне айналады. Адамдардың көбі шығармашылық сияқты салаларға бет бұруы мүмкін.

Авторы: Әсел Тұмашқызы

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста