Жаңартылған білім беру жағдайында бастауыш сынып оқушыларының танымдық қабілеттерін арттыру жолдары

Жаңартылған білім беру жағдайында бастауыш сынып оқушыларының танымдық қабілеттерін арттыру жолдары

Қазіргі кезде біздің республикамызда білім берудің жаңа жүйесі жасалып, әлемдік білім беру кеңістігіне енуге бағыт алуда. Бұл педагогика теориясы мен оқу - тәрбие үрдісіндегі елеулі өзгерістерге байланысты болып отыр. Білім негізі бастауыш мектепте берілетіні анық. Сондықтан да бастауыш сынып мұғалімі бағдарлама көлемінде ғана білім беріп қоймай, пәндер арқылы баланың жан - жақты дамуын қамтамасыз етуі керек. Күн тәртібінде қойылып отырған күрделі мәселелердің ішінде жас ұрпаққа білім беруді әлемдік деңгейге жеткізу үлкен орын алады. Сондай қоғамдағы түрлі бағыттағы өзгерістердің бірі - 12 жылдық оқыту моделі.

А. Байтұрсыновтың пікірі бойынша, бала білімді тәжірибе арқылы өздігінен алуы керек. Мұғалімнің басты қызметі - оқушы ұзақ жолды қысқарту үшін және сол жолдан қиналмай өтуі үшін керек білімді кешіктірмей, кезінде беріп отыру үшін балаларға жұмысты әліне қарай шағындап беру мен бет алысын діттеген мақсатына қарай түзеп отыру[1] . Қазіргі кездегі бастауыш сынып оқушыларын оқытудағы жаңа өзгерістерге бет бұру үшін мынадай талаптарды ескеру керек деп ойлаймын: - Бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық қабілетін дамытуды ерте бастан қолға алу;

-Ойлау мүмкіндігінің ең жоғары деңгейіне жеткізу; - Шығармашылық іс - әрекетіне және үнемі ізденісте болуына жағдай тудыру, -Өзіндік жұмыс түрлерін орындай алу, - Баланың жеке қасиеттерін ашу арқылы тәрбиелей отырып, танымдық қабілеттерін қалыптастыру, -Ақпараттық технологияларды меңгерту;

Бастауыш мектеп - оқушы тұлғасы мен сапаның дамуы қуатты жүретін ерекше құнды, қайталанбас кезеңі. Сондықтан да, бастауыш білім үздіксіз

білім берудің алғашқы басқышы, қиын да қадірлі жұмыс. Бастауыш мектеп балаға белгілі бір білім ғана беріп қоймай, оны жалпы дамыту, яғни, сөйлеу, оқу, қоршаған ортаға дұрыс көзқараста болу, жағдайларды объективті түрде бақылап, талдау жасауға үйрету, ойын да дұрыс айтуға, дәлелдеуге, сөйлеу мәдениетіне үйрету. Дамыта оқытудың басты мақсаты - баланы оқыта отырып, жалпы дамыту.

Бастауыш сынып пәндеріне арналған оқу бағдарламаларындағы оқу мақсаттары оқушылардан шынайы проблемаларды анықтап зерттей білуді талап етеді. Негізінен жаңартылған білім жүйесі құзыреттілікке және сапаға бағытталған бағдарлама. Жаңартылған білім берудің маңыздылығы – оқушы тұлғасының үйлесімді қолайлы білім беру ортасын құра отырып сын тұрғысынан ойлау, зерттеу жұмыстарын жүргізу, тәжірибе жасау, АҚТ –ны қолдану, коммуникативті қарым-қатынасқа түсу, жеке, жұппен, топта жұмыс жасай білу. Жаңа білім беру бағдарламасы сыни тұрғыдан ойлауға, шығармашылықты қолдана білуді және оны тиімді жүзеге асыру үшін қажетті тиімді оқыту әдіс-тәсілдерді (бірлескен оқу, модельдеу, бағалау жүйесі, бағалаудың тиімді стратегиялары) үйретеді. [3] Жаңартылған білім беру бағдарламасының ерекшелігі спиральді қағидатпен берілуі. [2] Оған оқу мақсаттарын зерделей отыра тапсырмаларды, ықшам сабақтарды құрастыру барысында көз жеткіздік. Жаңа бағдарлама мұғалімдерге қазіргі заманға оқыту әдістерін жеті модуль арқылы ұсынады. 1. Білім беру мен білім алудағы жаңа тәсілдер. 2. Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету. 3. Білім беру үшін бағалау және оқуды бағалау. 4. Білім беруде ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдаоану. 5. Талантты және дарынды балаларды оқыту. 6. Оқушылардың жас ерекшеліктеріне қарай білім беру және оқыту. 7. Білім берудегі басқарушы және көшбасшылық.

Білім берудің мазмұны жаңарып, жаңаша көзқарас пайда болды. Осыған байланысты ұстаздар алдында оқытудың әдіс-тәсілдерін үнемі жаңартып отыру және технологияларды меңгеру, оны тиімді қолдана білу міндеті тұр. Осы тұрғыда әр пән мұғалімдерінің оқыту әдістерін, жаңа технологияларды таңдап пайдалану және авторлық үлгілерді қолдану мүмкіндігі берілген. Жаңартылған оқу жоспарлары, тілдік дағдылар, педагогикалық әдіс-тәсілдер және белсенді оқыту техникалары мұғалімді шабыттандырып, одан сайын қанаттандыратыны анық. Әр мұғалім тиімді оқу мен оқыту тәсілдерімен таныса отырып, өзінің педагогикалық қызметіне белсенді оқу қағидаттарын енгізеді. Оқу мен оқытудағы әр іс-әрекет мақсатқа жетуге бағытталатынын түсінді. Егер ұстаз тәжірибесінде үйреніп жатқан белсенді әдіс-тәсілдерді тиімді қолдана білсе, оқушылардың сын тұрғысынан ойлау қабілеттері

дамып, білімнің қажеттілігін түсінеді. Яғни, «Не үшін?», «Қалай?», «Неліктен?» деген сұрақтарға жауап іздей бастайды. Жаңартылған білім берудің маңыздылығы - оқушы тұлғасының үйлесімді, қолайлы білім беру ортасын құра отырып, сын тұрғысынан ойлау, зерттеу жұмыстарын жүргізу, тәжірибе жасау, АКТ-ны қолдану, коммуникативті қарым– қатынасқа түсу, жеке, топта жұмыс жасай білу, функционалды сауаттылықты, шығармашылықпен қолдана білу. Әрине, жаңашылдық болғаннан кейін қиындықсыз болмайды. Үйренгеніміз де, үйренеріміз де көп. Жаңартылған білім – болашақтың кепілі. Қай кезеңде, қай қоғамда болсын жеке тұлғаның қалыптасуы ұстаздан басталады.

Раушан Кайнолдановна Какимова

 Шығыс Қазақстан облысы

Күршім ауданы

Маралды ауылы

«Маралды орта мектебі» КММ

Бастауыш сынып мұғалімі

 

Қолданылған әдебиеттер:

1. Құсайынов А. К. Әлемдегі және Қазақстандағы білім берудің сапасы. – Алматы. – 2013. 7.

2. Мұғалімдерге арналған нұсқаулық. «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ. 2.Педагогикалық шеберлік орталығы, 2017. - 8-бет.

3. Жанпейісова М.М. Модульдік оқыту технологиясы оқушыны дамыту құралы ретінде. - Алматы, 2002.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста