Универсиада жаңғырығы

Алатау ауданы Білім бөлімінің басшысы Қарлығаш Медербекқызы Ақмұрзаеваның басшылығымен 26 қаңтар күні №1 Оқушылар үйінде 28 –ші Дүниежүзілік қысқы Универсиада аясында мектеп оқушылары арасында аудандық іс—шаралар өтті. Шара барысында «Қазақстанның спорттық болашағы» атты сурет салу көрмесі ұйымдастырылды.

Бұл байқау - көрмеге аудан мектептерінің жас өнерпаздары қысқы Универсиаданы бейнелеу өнерімен көркемдеп көрсетті.
Сонымен қатар, «Қысқы Универсиада Қазақстанда» атты «Жас Ұландықтар» арасында көңілді тапқырлар алаңы байқауы өтті. Бұдан бөлек, ұлттық ойын Тоғызқұмалақтан жарыс және «Ақ ладья» шахмат турнирі мен «Қазақстанның спорттық болашағы» сурет көрмесі қойылды. Бұл жарыстар 28-ші Дүниежүзілік қысқы Универсиада спортшыларын қолдау мақсатында ұйымдастырылды . Осы іс-шараларды «Алматы» телеарнасы түсіріп,қатысушылардан сұхбат алды. Әсіресе кішкентай өнерпаздар қазақ спортшыларына сәттілік тіледі.
Ұйымдастырушылар Алатау ауданы Білім бөлімінің маманы Г.Бүркітбаева, №1 Оқушылар үйінің директоры Л.А. Жұмабекова, оқу-тәрбие ісінің меңгерушісі С.Шағатаева әдіскерлер Қ.Жанұзақова, Ш.Сыздықбаева, С.Абдрахманова, мәдени ұйымдастырушылар А.Битанова,Н.Уласбекова шәкірттердің өнеріне тәнті болып, жеңімпаздарды анықтап, мақтау қағаздарымен марапаттады. Сонымен қатар, ұйымдастырушылар оқушыларды қаламызда өтетін Универсиада жарысын тамашалау үшін спорт кешендеріне шақырды.Жанұзақова Құралай№1 оқушылар үйінің методисі

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста