Ұлттық рухты сақтаудағы қазақ әйелінің орны

Қазақстан Республикасының қазіргі кездегі дамуы қоғамдық сананың жаңғыруы аясында жүріп жатыр. Қойылған міндеттерді орындаудағы маңызды орын қазақ халқының рухани жаңғыруына беріліп отыр. Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың мақаласында айтқандай, ұлттық салт-дәстүр мен әдет-ғұрыпсыз, тіл мен әдебиетсіз, өнерсіз ұлттық рухты сақтау мүмкін емес.
Осы орайда қоғамдағы қазақ әйелінің рөлін ұмытпау керек. Олар тек бала бағып, отбасын сақтап қана қоймай, туған жерін қорғап, жауынгерлермен бір сапта да тұра алған. Алыс-жақын тарихтағы мұндай ақындар мен батыр аналарымыз бен қыздарымыздың есімдері баршаға белгілі. Олардың есімдері тарих беттерінде алтын әріптермен жазылды. Қазір де әйелдердің қоғамның барлық саласына араласқаны туралы мысалдар өте көп. Солардың бірі – жарты ғасырдан астам өмірін өмірлік жолдасын бағып-күтумен қатар ғылыммен және қоғамдық жұмыстармен белсене айналысып, екі ұл өсірген әйел.


Бағдат Нұрланқызы Әбішева – көрнекті ғалым, тарихшы, профессор, Қазақ ССР-ы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Халықаралық Ақпараттандыру Академиясының академигі, «Қазақстан Республикасы ғылымының дамуына сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісінің иегері, «Айрықша еңбегі үшін» дербес зейнеткері, «Еңбек ардагері».
1942 жылы, әкесін еңбек армиясына мобилизациялаған кезде ол үйдің үлкені болғандықтан, сабағын тастап, еңбекке араласуға мәжбүр болды, себебі анасы мен төрт іні-сіңлісіне қамқор болуы тиіс еді. 1943 жылы оқуға мүмкіндік туып, мұғалімдік институтқа түсті (сол кездегі Қарағанды қаласындағы жалғыз жоғарғы оқу орны), оны айрықша белгімен бітірді. Мемлекеттік аттестациялық комиссияның шешімімен ЖОО-на жоғары білім алу үшін оқуын жалғастыруға ұсынылды. 1945 жылы Алматыдағы С.М. Киров атындағы Қазақ Мемлекеттік Университеттің тарих-филология факультетінің 3-курсына қабылданды.
1948 жылы университетті қызылға бітірген Бағдатты КСРО Ғылым Академиясы КСРО тарихы институтына аспирантураға ұсынды. Қазақстаннан барған аспиранттар мен докторанттар санатында жүріп, Мәскеуге жиі барып, Қазақстаннан барған жас ғалымдармен кездесіп, танысып тұратын ҚазССР-ы Ғылым Академиясының Президенті – Қаныш Имантайұлы Сәтпаевпен алғаш рет кездеседі. Оның докторанттар мен аспиранттарға арнап айтқан сөзі мәңгі жадында қалады: «Өмірде бас айналдырар қызық көп. Олар ешқайда кетпейді, қазіргі сіздердің міндет – тынбай еңбектену, жақсы оқу, терең білім алу, диссертацияларыңды сәтті қорғап, халық үшін жеміс беру. Бұл жақта қазақтарды сіздерге қарап таниды».
Көмірлі Қарағандыдан келген жас қыз астанаға келіп асып-саспай, алдына нақты мақсат қойды – аспирантураны бітіріп, диссертациясын қорғау, сосын Қазақстанға оралып, өз елінің көркеюіне қызмет қылу. 24 жасында Бағдат тарих ғылымдарының кандидаты атағын алған алғашқы қазақ қызы болды. Еңбек кітапшасында жалғыз ауыз сөз: «ҚазССР-ы Ғылым Академиясы», тек қосымша парағында марапаттары мен мадақтаулары жазылған. 1952 жылдан 1994 жылға дейін Қазақстанның Ғылым Академиясы Тарих, археология және этнология институтында үздіксіз аға ғылыми қызметкер, Институт директорының ғылым жөніндегі орынбасары, бөлім меңгерушісі, жетекші ғылыми қызметкер лауазымдарында еңбек етті. Ол кездері республикада ғылыми атағы бар ғалымдар аз болатын.
Бағдат Әбішева көптеген қоғамдық жұмыстар атқарды: ұзақ уақыт бойы Институттың алғашқы партия ұйымының хатшысы, Коммунистік еңбек мектебі бойынша Республикалық Кеңес төрағасының орынбасары қызметтерін атқарды, еңбекшілер арасында ғылыми, саяси, тарихи білімді насихаттауға белсене қатысты. Еңбекшілер арасында саяси және ғылыми білімді насихаттауға белсенді қатысқаны үшін Қазақ ССР-ы Жоғарғы Кеңесі Президиумы Бағдатты бірнеше рет мақтау қағазымен марапаттады.
1960 жылы оның мерзімді басылым және ағымдағы архив (Карметком) материалдары бойынша «Болашақ пионерлері (Қазақстан өнеркәсібіндегі коммунистік еңбек бригадалары)» кітабы жарық көрді, Қазақ металлургия зауытын игеруге келген мыңдаған жастың ішінен 20 жасар жас жігіт тұлғасы Бағдаттың назарын аударды: «Міне комсомол Нұрсұлтан Назарбаевтың өмірбаяны. Ол жап-жас кезінде Қазақстан Магниткасының құрылысына келіпті. Ол 19 жасында келген. Әр түрлі жұмыс істеп жүрген. Кейін тас қалаушы мамандығын игерген. Оны ең жақсылар санатына қосып, Днепродзержинскіге оқуға жіберген. Домна пешінің көрікшісі оқуын оқып келген ол Қарағанды металлургия зауытына келіп, домна пешінде жұмыс істеген. Қысқа уақыт ішінде бесінші, төртінші және үшінші көрікші мамандықтарын игеріп алады. КОКП мүшелігіне өтеді. Үнемі жаңалық іздеуге ұмтылысы, сау ақылы, қажымас күші оның тез уақытта екінші көрікші болуына мүмкіндік туғызды. Н. Назарбаев – тек қана мықты өнеркәсіпші емес, сонымен бірге белсенді қоғам ісіне араласатын комсомол комитетінің мүшесі, жасақшы, мықты спортшы. Нұрсұлтанның оқуға ынтасы жоғары. Қазір ол Қарағанды политехникалық институтының кешкі бөлімінде оқып жүр. Оған коммунистік еңбек екпіндісі атағы берілген». Бағдат Нұрланқызы өзінің болашақ Тәуелсіз Қазақстанның болашақ Президенті жайлы алғашқылардың бірі болып мәлімет жариялағанын мақтан тұтады.
Институтта қызмет еткен жылдары Ғылыми Кеңестің мүшесі, докторлық диссертация қорғау жөніндегі Арнайы институт Кеңесінің ғылыми хатшысы әрі мүшесі боп қызметтер атқарды. Осы Кеңесте қорғалған барлық дерлік кандидаттық және докторлық диссертацияларды қорғау материалдарын тексеру, авторефераттарды оқып шығу, қорғауға жеке іс парағын дайындау, Кеңестің қорытындысын жазу, КСРО ЖАК-на жіберу үшін рәсімдеу жұмыстары 1994 жылға дейін Бағдат Нұрланқызының қолынан өтті. Институт пен ЖАК тарапынан ешқандай ескерту алып көрмеген. Ол бірнеше тарих ғылымдарының кандидаттарын дайындап, басқа мекемелерде қорғалған он шақты кандидаттық диссертацияға оппонент болды.
1982 жылдың 28 желтоқсанында Қазақстан Компартиясы ОК және Қазақ ССР-ы Министрлер Кеңесінің ОК қаулысымен «Қазақ ССР-ы тарихының» бестомдығы үшін осы басылымның авторлар құрамындағы алты жетекші авторымен бірге Қазақстандағы тарих ғылымының маңызды бағыттары бойынша іргелі зерттеулер жүргізуге қосқан үлесі үшін Бағдат Нұрланқызы Қазақ ССР-ы Мемлекеттік сыйлығына лайық деп танылды.
Әбішева Бағдат әбден мойындалған ғалым әрі белсенді қоғам қайраткері ғана емес, ол аяулы жар, қамқор ана, үлкен әулеттің ұйытқысы. Өмірлік серігі заңгер Жұмажанов Аманжолмен бірге 60 жыл бірге тұрды. Жолдасы 1956 жылы әскери қызметте алған жарақат салдарынан төсекке таңылып, сал болып қалған еді. Бағдат оған қиын кезде сүйеу бола білді, аяғына тұрып кетуі үшін қолынан келгеннің бәрін істеді. Қамқорлығы босқа кетпей, ақыры жолдасы еңбекке қайта оралып, 40 жылдан астам уақыт республиканың әкімшілік басқару қызметтерін атқарды (ҰҚК, прокуратура, Әділет Министрлігі, Жоғарғы Сот).
Жұбайы Аманжол өмірдегі өзінің жарына арнаған өлеңінде былай деп баға береді:
«Тірек болды адал жарым Бағдатым,
Шықты менің сол арқылы жақсы атым.
Күтеді мені жас баладай мәпелеп
Абзал ана, өзі дана, бекзатым».
Бағдат өзінің іні-сіңлілеріне де барынша қамқор болды. Олардың бәрін өз үйінде тұрғызды, барлығы оқып, жоғары білім алды. Інісі Әбішев Жантөре 1957 жыл тау-кен-металлургия институтын бітіріп, кейін Қарағандыдағы химия-металлургиялық ғылыми зерттеу институтының директоры, одан кейін Қазақстанның минералдық ресурстарын комплексті игеру жөніндегі ұлттық ғылыми орталықтың бас директоры, техника ғылымдарының директоры, профессор, ҚР ҒА-ның академигі, халықаралық инженерлік академияның академигі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, ірі ғылыми қайраткер боп танылды. Ол 20 жылдан астам уақыт басқарған Химиялық-металлургиялық институтқа қазіргі кезде Жантөре Әбішевтің есімі берілді.
Бағдат Нұрланқызы соғысқа қатысқан жоқ, тың игерген жоқ, ғарышты бағындырған жоқ. Бірақ, «ғалымның хаты өлмейді» деген сөз бар. Біз айтып отырған Отанға, ғылымға, оның ішінде дәстүрді сақтауға үйрететін тарих ғылымына қызмет етудің осындай үлгісінсіз болашақты тұрғызу мүмкін емес. Мұнда Бағдат Нұрланқызы сияқты ханымдарды айтпай кетуге болмайды.
20 мамырда Бағдат Нұрланқызы 90 жасқа толды. Мерейтойымен құттықтап, игі тілектер тілейміз.

 


 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста