Түркістанда түркі әлемі зиялылары бас қоспақ

21 наурыз күні Түркістандағы Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінде «Түркістан және Түркология» атты Халықаралық ғылыми-теориялық конференция өтеді.
Ғылыми жиын, ТҮРКСОЙ ұйымы 2017 жылдың Түркі әлемінің Мәдени астанасы ретінде Түркістан қаласын бекітуіне орай ұйымдастырылып отыр.
Естеріңізге сала кетейік, Әзірбайжанның Шеки шаһарында өткен ТҮРКСОЙ Тұрақты Кеңесінің 34-ші отырысында Қазақстанның Түркістан қаласын Түркі әлемінің 2017 жылғы мәдени астанасы етіп бекіту туралы шешім қабылданған болатын.
Атаулы дата төңірегінде 2017 жылдың 20-21 наурыз күндері ОҚО Түркістан қаласында «Наурыз – бірлік бастауы» тақырыбында үлкен мәдени іс-шаралар өтетін болады.
Ахмет Ясауи университетінде өтетін ғылыми конференцияға Түркия, АҚШ, Өзбекстан, Қарақалпақстан, Қырғызстан, Әзірбайжан, Моңғолия, Ресей, Қазақстан мемлекеттерінен 100-ден аса ғалымдар мен қоғам және мемлекет қайраткерлері қатысады деп күтілуді.
Түркі халықтарының тарихи тамырын қаузайтын ғылыми жиын қатпарлы тарих пен тілдік, туыстық байланыстарды, баянды болашақты, туыс елдердің интеграциялық бірлігін зерделемек.
Аталған ғылыми басқосуға ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы, Түркия Республикасының Мәдениет және туризм министрінің орынбасары Мұстафа Рухи Өзбилгич, Түркі мәдениетін және өнерін дамыту Халықаралық үйымының (ТҮРКСОЙ) Бас хатшысы Дүйсен Қасейінов Құрабайұлы арнайы қатысады деп күтілуде. Түркологияның өзекті мәселелері ғылыми талқыға түсетін алқалы жиында Оңтүстік Қазақстан облысы әкімі Жансейіт Қансейітұлы Түймебаев модераторлық ететін болады.
Конференция Түркістанның түркі тарихы мен мәдениетінен алатын орны; Қ.А.Ясауидің түркілік ислам идеологиясын қалыптастырудағы рөлі; Тарихи жазба деректер мен көне жәдігерлерді зерттеудің маңыздылығы; Б.Кенжебайұлы және түркітанудың өзекті мәселелері бағыттарында өтеді.
Ғалымдар Тарих, этнография, археология; Дінтану, философия, мәдениеттану; Тіл білімі және деректану; Әдебиет, фольклор аталатын 4 секция бойынша өз пікірлерін ортаға салып, ғылыми тақырыптарын сараптайтын болады.

А.Сәдібеков,
Университет баспасөз қызметінің басшысы.

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста